АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР Д.М. ШЫҢҒЫСБАЕВАНЫҢ «ЗАҢ ТЕРМИНДЕРІНІҢ БІРІЗДІЛІГІ ТУРАЛЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМЫНА ҚАЙТА ОРАЛҒАНДА

Авторлар

  • Айгүл Алтайбайқызы Жаңатуғанова

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_250

Кілт сөздер:

заң терминологиясындағы бірізділікті сақтау, заң терминдері, сөз тіркестері

Аңдатпа

Осы мақалада Д.М. Шыңғысбаеваның «Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жаршысы» журналының 2013 жылғы № 4 (32) санында жарияланған «Заң терминдерінің бірізділігі» туралы мақаласы талданады. Автор өзінің еңбегін қазіргі қолданыстағы заң терминдерінің бірізділігін сақтау мәселелеріне арнаған. Мақаланың жарияланғанына 10 жылдай уақыт өтсе де, заң терминдерінің бірізділігі осы уақытқа дейін өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Сонымен бірге, Д.М. Шыңғысбаева  құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтуда қазақ тіліне аударылып жатқан заңдардағы терминдердің дұрыс аударылуы, орынды қолданылуы бүгінгі күннің басты талабы екенін айтады. Сондай-ақ заң терминдерін қазақша қолдануға деген белсенділіктің артуы заңнамалық жүйенің өзгеріске түсуіне де байланысты болып отырғандығын атап кетеді.

Мақала авторы Д.М. Шыңғысбаева кез келген заң заңдық терминдер арқылы жасалатындығын, сол себептен заң құжаттарындағы тұрақты тіркестер, заң терминдері бірізді болу қажет екендігін, бірақ осы күнге дейін бір заңнамада бір тіркес екі түрлі баламамен берілетіні жиі кездесетінін көрсетеді. Соның дәлелі ретінде Азаматтық кодекстегі, 2000 жылы заңтануға арналған қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктегі терминдерді зерттеп, мысал келтіреді.

Зерттеу барысында Д.М. Шыңғысбаева тәуелсіздік алғалы қазақ тілінің қолданысы дамыған сайын, заң терминдерінің дұрыс қолданылу да алға басып келе жатқандығын айтады. Қорыта келе, заңдарда да, ресми құжаттарда да кейбір терминдердің әр түрлі алынып келуі табиғи нәрсе болғандықтан, оларды тізбелей бермей, бүгінге дейін қалыптасқан   тәжірибені басшылыққа ала отырып, қолданыстағы терминдерді біріздендіруге ұмтылу керек екеніне тоқталады.   

##submission.downloads##

Жарияланды

27.09.2023

##submission.howToCite##

Жаңатуғанова, А. А. (2023). АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР Д.М. ШЫҢҒЫСБАЕВАНЫҢ «ЗАҢ ТЕРМИНДЕРІНІҢ БІРІЗДІЛІГІ ТУРАЛЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМЫНА ҚАЙТА ОРАЛҒАНДА . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(74). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_250