ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ОҚЫЛУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖЕКЕ АСПЕКТІЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_75_4_61Кілт сөздер:
құқықтық акт, нормативтік құқықтық акт, құқықтық анықтылық қағидаты, оқылу жарамдылығы, лингвистикалық сараптама, оқылу жарамдылығы формулалары, заң терминологиясыАңдатпа
Мақала құқықтык актілердің оқылу жарамдылығын қамтамассыз ету мәселесінің жекелеген аспектілерін талдауға арналған. Автор заң актілердің мазмұнының түсініктілігі мен оқылу жарамдылығын, құқық үстемдігі қағидатының құрылымдық элементі болып табылатын, құқықтық анықтылықтың талаптарымен айқандалу идеясын негіздейді. Аталмыш қағидаттың (нормативтік құқықтық актілер аясында) жүзеге асуын қамтамассыз етудің қажеттілігі, өзінің шешімдерінде формальды анықтылықтың және құқықтық реттелудің айқындылығы мен қарама-қайшы болмауының міндеттілігіне ерекше назар аударып жатқан, Қазақстан Республикасының Конституциялық сотымен де атап көрсетіледі. Бұл мақсаттарға, автордың пікірінше, заң актілерінің оқылу жарамдылығы институты арқылы жетуге болады.
Мақалада оқылу жарамдылығы мәселесінің тек нормативтік құқықтық актілерге қатысымен шектелмей, оның қоғамдық катынастарға реттеуші әсер ететін, құқық қолдану актілерге (жеке актілерге) қатысты байланысына көңіл бөлінеді.
Автор құқықтық актілердің оқылу жарамдылығын қамтамассыз етудің тиімді тәсілі ретінде лингвистикалық сараптама өткізу жайлы тұжырымды негіздейді. Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында лингвистикалық сараптаманың жасалу әдістері елеулі жетілдіруді қажет ететіндігі айқындалады, себебі іс жүзінде, оның аясында нормативтік актілердің орыс және қазақ тіліндегі түпнұсқалық сәйкестігі ғана тексеріледі.
Одан бөлек, жергілікті деңгейде шығарылатын құқықтық актілер лингвистикалық тексерусіз қалатынына назар аударылады. Мақалада лингвистикалық экспертизаның мақсаты мен функциясын нақтылауға бағытталған ұсыныстар тұжырымдалады. Аралық корытынды реттінде, лингивстистикалық сараптама құқықтық нормалардың кез-келген (ақыл-ой ерекшеліктері бойынша) орта статистикалық тұлғалараға түсінікті әрі қабылдауға женіл болуын қамтамассыз етіп, айқындылық пен түсінушілуктің қажетті деңгейіне кепілдік беруі керек екендігі атап өтіледі. Ол үшін нормативтік құқықтық актілерде оқылу жарамдылығының формуласын / формулаларын қолдану сараптаманың міндетті бөлігі болуы керек. Автор, тиісті мамандарды алдын ала дайындаусыз, лингвистикалық сараптаманы қамтамассыз ету мүмкін еместігін атап өтеді. Осыған байланысты, мақалада құқықтық актілерде терминологиялық, лексикалық-семантикалық және логикадық-семантикалық қателерді болашақта жоғары кәсіби деңгейде анықтай алатын лингвист-заңгерлерді (университетте білім беру аясында) дайындау мәселесі талқыға салынады. Мақалада біріншіден, үнемі жаңартылып, екіншіден, барлық субъектілердің, оның ішінде ең алдымен, норма шығармашылық қызмет субъектілерінің пайдалануы үшін міндетті болатын, заң терминдерінің электрондық дерекқорын әзірлеу қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінеді.