КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУДІҢ СОТТАН ТЫС ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Бахытбек Абдигалимович Шайзадаев
  • Сагынгуль Избасаровна Копжасарова

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_201

Кілт сөздер:

жұмыс беруші, жұмыскері, еңбек даулары, жеке еңбек даулары, келісу комиссиясы, еңбек дауын шешудің соттан тыс тәсіл

Аңдатпа

2015 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі еңбек дауларын қарау мен шешудің тәртібін реттейтін ережелерді бекітіп, еңбек құқықтарын қорғауды негізгі мақсаты мен еңбек заңнамасының қағидаты ретінде қарастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптардың арасында еңбек дауы туындаған жағдайда еңбек құқығын қорғаудың екі тәсілі қарастырылады: еңбек құқығын сот арқылы қорғау және еңбек құқықтарын соттан тыс тәсілдермен қорғау. Қазіргі таңда жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы еңбек дауларын соттан тыс шешудің бірнеше жолдары бар. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыскер өзінің құқықтары мен мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы.

Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы жеке еңбек дауын қарайтын тұрақты орган және сотқа дейінгі міндетті саты болып табылады. Мақалада келісу комиссиясы институтының отандық заңнамада қалыптасып, бекітілуінің тарихи сатылары, Еңбек Кодексінің ескі және жаңа редакцияларындағы келісу комиссиясына қатысты айырмашылықтары қарастырылды. Еңбек Кодексіне енгізілген соңғы өзгертулерге сәйкес келісу комиссиясын құру жұмыс берушінің міндеті болып бекітілді. Осыған байланысты салыстырмалы анализ ретінде шетел тәжірибесінен де мысалдар келтірілді. Келісу комиссияның артықшылықтары мен кемшіліктері жайында әртүрлі авторлардың пікірлері қарастырылып тұжырымдама жасалды. Тәжірибеде еңбек даулары орын алған жағдайда тараптардың сотқа дейінгі міндетті сатыны сақтамай, бірден сотқа жүгініп, соттардың істі қараусыз қалдырып, талап арызды қайтару фактілері де жиі кездеседі. Осыған орай жұмыс берушілерді келісу комиссиясын құрмағандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты ұсыныс жасалды. 

ON AS AN OUT-OF-COURT WAY FOR LABOR DISPUTES RESOLUTION

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2021

##submission.howToCite##

Шайзадаев, Б. А. ., & Копжасарова, С. И. . (2021). КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУДІҢ СОТТАН ТЫС ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(65). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_201

Журналдың саны

Бөлім

Жас ғалым мінбері