ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫ ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМАМЕН ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ ЗАҢНАМАСЫМЕН РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_78_3_189Кілт сөздер:
президенттік, саяси режим, басқару нысаны, өкілеттіктер, ерекшеліктер, жауапкершілік, биліктің бөліну принципіАңдатпа
Бұл мақала президенттік институттың ұлттық заңнамадағы мазмұнын қарастырады, сонымен бірге осы мәселе бойынша шет мемлекеттердің заңнамалық тәжірибесін зерттейді. Мемлекетте қалыптасқан саяси режим мен басқару формасы негізінде биліктің бөлінуі принципін жүзеге асыру белгілі бір мемлекет үшін тән президенттік модельдің қалыптасуына әсер етуі мүмкін. Президенттік институттың дамуы шет елдердің өздеріне тән әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне сәйкес қолданатын модельдердің жіктелуін анықтады. Жұмыста президенттік институттың әртүрлі модельдердегі, соның ішінде жартылай президенттік, президенттік, парламенттік республикаларға. ТМД-ға кіретін елдерде дамыған суперпрезиденттік тұжырымдамаға ерекше назар аударылады. Мақала пайда болу себептері мен оны жүзеге асыру ерекшеліктерін талдай отырып, Қазақстанға қатысты суперпрезиденттік басқару нысанының сипаттамаларын қарастырады. Мемлекеттің бірінші тұлғасының нормативтік және нақты мәртебесін қарау негізінде Қазақстан Республикасындағы президенттіктің ерекшеліктері айқындалады. Сонымен қатар, мемлекет басшысының халық алдындағы жауапкершілігі туралы мәселе көтеріледі. Президенттің жауапкершілік дәрежесін айқындау осы лауазымда болуды шектеуге, саяси партиялардың құрамына кіруге және президенттің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруына қатысты конституциялық новеллалар аясында өзекті болады. Сондықтан жұмыста мемлекет басшысының жауапкершілігін реттеудің кейбір аспектілері және оларды шешудің мүмкін жолдары көрсетілген.