ҚОРҒАНШЫЛАР МЕН ҚАМҚОРШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕС ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_65_2_224Кілт сөздер:
Азаматтық құқықтық жауапкершілік, қорғаншы, қамқоршы, қорғаншылық және қамқоршылық органдары, әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеттілігі шектеулі, кәмелеттік жас, бала құқығыАңдатпа
Автор мақалада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаншылар мен қамқоршылардың жүзеге асыратын функцияларына негізделген жауапкершілігін, құқықтық реттелудің негізгі ережелерін айқындайды. Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қорғаншылық және қамқоршылықтың мақсаты мен міндеттері жүзеге асырылады. Алайда аталған азаматтық құқықтық қатынас тәжірибе жүзінде айтарлықтай мәселелер туғызуда. Соның аясында қорғаншылар және қамқоршылардың жауапкершілігін көздейтін қоғамдық қатынастардың заң жүзінде дұрыс реттеуді жүзеге асыру механизмінің қажеттілігінің туындап отырғанына баса назар аудару қажет. Мәселен, қорғаншылар мен қамқоршылардың құзіреттері, жауапкершілігі тиісті реттелмегендігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толған адамдардың және кәмелетке толмаған адамдардың, оның ішінде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қиын өмір жағдайындағы балалардың құқықтары шектеліп, тұрғын үй-жайынан айырылып қоғамның төменгі деңгейінде қалып жатқандығы мәлім. Жоғарыда қарастырылған тәжірибелік мәселе елімізге және сот жүйесіне тән болғандықтан, мәселе халықаралық және отандық деңгейде бүгінге дейін толық зерттелмеген, демек, бұл мақаланың жаңалығының дәлелі. Құқықтық реттеу аясында қорғаншылар және қамқоршылардың міндеттері, құзіреттері неліктен бекітілмеген? неге жауапкершілігі көзделмеген? - деген сұрақтар туындайды. Осы орайда, құқықтық нормаларын тиісінше қолданбауы және сақтамауы салдарынан қамқоршылыққа және қорғаншылыққа алынған тұлғаның заңмен берілген құқықтарының жүзеге асыра алмау салдары өзекті мәселе болып табылады.
Жұмыстың пәні. Қорғаншылар мен қамқоршылардың Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасына сәйкес жауапкершілігі мен оның құқықтық негіздері болып табылады.
Мақаланың методологиялық негіздері. Құқықтық әдіс - зерттеу жұмысын өзге құқықтық қатынастармен өзара байланысын анықтауға, формальды-догматикалық әдіс - даму процесінде қалыптасатын және нақты құқықтық жүйелерде жүзеге асырылатын іргелі құқықтық ережелер жүйесі мен конструкцияларын түсінуге, анализ - бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп олардың қарым-қатынасын жан-жақты қарауға ықпал етті.