КОРПОРАТИВТІК ЗАҢНАМАДАҒЫ «КОМПАНИЯНЫ БАСҚАРАТЫН ТҰЛҒА»: МИФ НЕМЕСЕ ШЫНДЫҚ?

Авторлар

  • Мадина Мейрамқызы Салықбаева

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_66_3_113

Кілт сөздер:

бақылаушы тұлға, көлеңкелі директор, нақты бақылау, корпоративтік қамтуды алып тастау, субсидиарлық жауапкершілік, жосықсыз іс-әрекет, құқықты теріс пайдалану

Аңдатпа

Қазақстанның қазіргі заманғы корпоративтік заңнамасында жауапкершілігі шектеулі қағидатқа негізделген заңды тұлғаның құрылымы қоғамдағы өз құқықтарын теріс пайдаланатын азаматтық айналымның жосықсыз қатысушылары жауапкершіліктен жалтару мақсатында жиі пайдаланыла бастады. Мақалада компанияны басқаратын адамдардың өз құқықтарын теріс пайдаланудың негізгі проблемалары талданады. Автор «компанияны бақылайтын тұлғаларды» субсидиялық жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша шет елдердің тәжірибесі мен тәсіліне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізді, Ұлыбритания мен Ресейдің құқығы бойынша «көлеңкелі директор» және «бақылаушы тұлға» ұғымдарының арақатынасын зерттеді. Автор осы институтты Ресейдің банкроттық туралы заңнамасына енгізу тарихын және оны Ресейдің азаматтық заңнамасына енгізу әрекеттерін зерттеді. Сонымен қатар, автор осы институтты отандық құқыққа енгізудің нақты мүмкіндіктері мен алғышарттарын анықтады, осы институтты Қазақстан Республикасының корпоративтік заңнамасына енгізу бойынша түрлі шетелдік және қазақстандық ғалымдар мен практик-заңгерлердің пікірлерін талдады. Сонымен қатар, автор «бақылаушы тұлғалар» институтын енгізу қажеттілігі туралы өз пікірін қалыптастырып, ҚР заңнамасында осы норманы тұжырымдау бойынша өз көзқарасын ұсынды.

Зерттеудің мақсаты шет елдердегі «бақылаушы тұлғалар» институтының мазмұнын талдау және осы институтты қазақстандық заңнамаға имплементациялау мүмкіндігін анықтау болып табылады.

Көптеген ғалымдардың бір-біріне қарама-қайшы пікірлеріне қарамастан, автор шет елдердің, атап айтқанда Ресей Федерациясының тәжірибесін қолдана отырып, «компанияны бақылайтын тұлғалар» институтын ҚР корпоративтік заңнамасына енгізудің нақты мүмкіндігі мен қажеттілігі туралы қорытынды жасады. Аталған институтты енгізудің құқықтық оң нәтижесін алу мақсатында қосымша ережелер ұсынылды.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2021

##submission.howToCite##

Салықбаева, М. М. (2021). КОРПОРАТИВТІК ЗАҢНАМАДАҒЫ «КОМПАНИЯНЫ БАСҚАРАТЫН ТҰЛҒА»: МИФ НЕМЕСЕ ШЫНДЫҚ?. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(66). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_66_3_113