АТҚАРУ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІН КЕҢЕЙТУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ (ДАУЛАРДЫ СОТТАН ТЫС РЕТТЕУ ЖАҒДАЙЫНДА)

Авторлар

  • Азамат Ерланұлы Нұртан Университет НАРХОЗ

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_257

Кілт сөздер:

атқару құжаты, дауларды соттан тыс реттеу, медиативті келісім, нотариус куәландырған келіссөздер нәтижесінде дауды реттеу туралы келісім, алимент төлеу туралы келісім, бітімгершілік комиссияның шешімі, еңбек арбитражының шешімі, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдері, атқару құжаттарының тізімін кеңейту

Аңдатпа

Бұл мақала атқарушылық құжаттардың тізімін кеңейту бөлігінде Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу саласындағы қолданыстағы заңнамасын жетілдіру мәселелеріне арналған. Белгілі болғандай, атқарушылық құжат өзінің заңмен берілген қасиеттеріне қарай атқарушылық іс жүргізуді бастауға негіз болып табылады. Қазіргі уақытта мәселе «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында атқарушылық құжаттардың жабық тізбесін белгілей отырып, осы тізбеге басқа да құжаттардың түрін, яғни заңнаманың дамуының қазіргі кезеңінде атқарушылық күші бар және азаматтық айналымды және тұлғалардың субъективті құқықтарын қалпына келтіру тәртібін жеңілдететін атқарушылық құжаттарды енгізу көзделмегендігінде болып отыр. Осылайша, бұл мақаланың мақсаты атқару құжаттарының шеңберін кеңейту қажеттілігі мен мүмкіндігін қарастыру болып табылады.

Мақалада Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды реттейтін халықаралық шарттар талданады. Автор талдау әдісін, формальды-құқықтық әдісті, жүйелеу және үлгілеу әдістерін пайдалана отырып жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнамасын медиативті келісімді, нотариус куәландырған келіссөздер нәтижесінде дауды реттеу туралы келісімді, алимент төлеу туралы келісімді, бітімгершілік комиссия мен еңбек арбитражының шешімдерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдерін атқарушылық құжаттардың тізіміне енгізу жолымен заңнамалық тұрғыда жетілдіру қажеттілігі туралы қорытынды жасайды.

##submission.downloads##

Жарияланды

22.02.2024

##submission.howToCite##

Нұртан, А. Е. (2024). АТҚАРУ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІН КЕҢЕЙТУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ (ДАУЛАРДЫ СОТТАН ТЫС РЕТТЕУ ЖАҒДАЙЫНДА). «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(76). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_257