ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШІ-ҚОН ЖАҒДАЙЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ҚҰҚЫҚ

Авторлар

  • Асель Ерланкызы Рамазан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_266

Кілт сөздер:

көші-қон, адам құқықтары, көші-қон саясаты, отбасылық өмірге құқық, отбасын біріктіру, мемлекет, БҰҰ

Аңдатпа

Қазіргі әлемде көші-қон қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларына әсер ететін өзекті және маңызды тақырыпқа айналуда. Адамдардың мемлекеттер шекаралары арқылы көшуі жаһандық салдарға ие, соның ішінде экономикалық, әлеуметтік, және мәдени аспектілер. Жақсы өмір іздеп немесе мемлекеттік құрылымдардың іс-әрекеттері нәтижесінде шекарадан өткен отбасылар әртүрлі құқықтық және практикалық қиындықтарға, соның ішінде қайта қосылу, балалардың құқықтарын қорғау және отбасылық бірлікті сақтау мәселелеріне жиі тап болады.

Мақала халықаралық құқықты ескере отырып, халықаралық көші-қон контекстінде отбасылық өмір құқығын зерттейді. Мақаланың мақсаты Қазақстанның көші-қон саясатын қалыптастыру үшін халықаралық тәжірибенің маңыздылығын анықтау болып табылады. Мақалада адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың және БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің шешімдеріне талдау жасалады. Иммигранттар аталған органдардың алдында өздерінің отбасылық өміріне және отбасын біріктіруге құқықтарын қорғауға жүгінген жағдайлар, сондай-ақ иммигранттар үшін отбасылық қатынастардың маңыздылығы және олардың шекарадан өту кезінде отбасын біріктіру құқықтары туралы сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар, «отбасылық қатынастар», «отбасын біріктіру» және «отбасы бірлігі» сияқты отбасымен байланысты терминология талданады. Халықаралық стандарттар мен ұсыныстар талданады. Зерттеу халықаралық көші-қон жағдайында отбасылық өмір сүру құқығына қатысты негізгі аспектілерге толық шолу жасайды. Қорытындыда елдегі көші-қон және отбасылық қатынастар мәселелері бойынша заңнамалар мен практикалық шараларды әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе мен нормативтік актілерді есепке алудың маңыздылығы атап өтіледі.

##submission.downloads##

Жарияланды

29.03.2024

##submission.howToCite##

Рамазан, А. Е. (2024). ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШІ-ҚОН ЖАҒДАЙЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ҚҰҚЫҚ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(76). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_266