ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕДИАТОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_108

Кілт сөздер:

медиация, медиатор, кәсіби медиатор, қоғамдық медиатор, медиаторлық рәсім, татуластыру рәсімдері, дауды шешудің балама тәсілі

Аңдатпа

Дамудың жаңа кезеңіндегі Қазақстандағы дауларды балама шешу мәселесі өте күрделі, ауқымды және салааралық сұрақ болып табылады.

Дауларды реттеудің тәсілдері ретінде балама рәсімдерді қазіргі уақыттағы әлемнің экономикалық жағынан дамыған барлық елдерінде пайда болып, белсенді түрде қолданылып жатқан құқықты соттан тыс қорғау нысаны деп анықтауға болады. Дауларды балама шешудің келіссөздер, медиация, партисипативтіті рәсім сияқты тәсілдері Заң тұрғысынан бекітілсе де тәжірибеде кеңінен қолданылып кете қойған жоқ.

Соның ішінде медиацияның құқықтық реттелуінің ішінде ең өзекті мәселе болып медиатордың құқықтық мәртебесін анықтау болып табылады. Өйткені татуластыру рәсімдерінің маңызды, орталық субъектісі медиатор болып табылады. Медиатор (лат. тілінен аударғанда medius— орта, орталық;лат.mediātor— делдал) – медиация рәсімін жүргізу арқылы адамдар, ұйымдар арасында пайда болған, шешілуді талап етілетін конфликтілерді реттеуге әсер ету, көмектесу үшін шақырылған маман болып табылады. Медиатор даудың шешілу жолдары бойынша, үдерісі бойынша пікірі мен көзқарастарын білдірмейді, дау бойынша шешім шығармайды. Ол дау тараптарына екеуіне де қолайлы болатын шешімге келуге көмектеседі. Конфликтілерді реттеудің балама әдістерінің тиімділігі көп жағдайда олардың біліктілік деңгейіне байланысты.

Осыған байланысты мақалада медиацияның орталық тұлғасы медиатордың құқықтық жағдайы мен қызметінің ерекшеліктері талданады. АҚШ, Германия, Грузия ж.т.б. бірқатар шет елдердің заңдарына сәйкес медиатордың құқықтық жағдайларымен тәжірибесіне салыстырмалы шолу жасалады. Медиатордың құқықтық жағдайына байланысты құқықтық және тәжірибелік мәселелер мен оны шешу жолдарын анықтауға талпыныс жасалады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2025

##submission.howToCite##

Сартаев, С. А., & Калшабаева, М. Ж. (2025). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕДИАТОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(2). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_108

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық