ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРЫНЫҢ СОТТАРЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ ТӨЛЕУДЕН БОСАТУ (ЗАҢНАМА МОНИТОРИНГІ)
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_245Кілт сөздер:
Салық кодексі, Мемлекеттік баж, соттарда мемлекеттік бажды төлеуден босату, мүгедектігі бар адам, сот төрелігіне қол жеткізу, талапкер, жауапкерАңдатпа
Авторлар Қазақстан Республикасында да, шетелдік заңнамада да халықтың әлеуметтік осал топтарының соттарында мемлекеттік баж салығын төлеуден босату мәселелерін қарады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында «сот қорғауына құқық» азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың негізгі кепілі ретінде бекітілген. Бұл құқық абсолютті және бөлінбейтін болып табылады және ешқандай жағдайда шектеуге жатпайды.
Мемлекеттік баждың құқықтық сипатына сілтеме жасай отырып, автор баждың өзі Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне сәйкес келеді деген қорытындыға келді, өйткені салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу әркімнің міндеті мен борышы болып табылады.
Алайда, мемлекеттік баждың мөлшері және сот ісін жүргізуге қатысушының оны төлеу қабілеті адамдардың сот ісін жүргізудің қолда бар нысандарына жүгіну арқылы олардың құқықтарын қалпына келтіруге қол жеткізу мүмкіндігіне тежегіш әсер етуі мүмкін.
Сот арқылы қорғалу құқығын жүзеге асырудағы осы қаржылық кедергіні еңсеру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – СК) 616-бабында соттарда мемлекеттік бажды төлеуден босату негіздері көзделген, оның ішінде талап қою санатына немесе құқықтық қатынастың нысанасына қарай кассациялық тәртіпте сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттар берген кезде.
Авторлар СК-нің 616-бабының 13) тармақшасының тек талапкерлерге ғана жеңілдіктер қарастыратын қолданыстағы редакциясында процеске басқа қатысушылардың (жауапкерлердің) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығы ескерілмейді деп есептейді. кассациялық сатыдағы сотқа өз құқықтарын қорғау туралы өтінішхат берген кезде белгіленген мемлекеттік баж мөлшерлемелерін төлеудегі қаржылық кемшіліктерінің орнын толтыруға мүмкіндік беретін құқықтық құралдардан айырылды.