ҚҰҚЫҚҚА ҚАЙШЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТӘРТІПТІК ТЕРІС ҚЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Динара Бағдатқызы Разиева Әлихан Бөкейхан Университеті, Семей

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_114

Кілт сөздер:

медицина қызметкерлері, заңсыздық, тәртіптік жауапкершілік, тәртіптік жазалар, тәртіптік теріс қылық, деонтологиялық үлгі

Аңдатпа

Мақала медицина қызметкерлерінің тәртіптік теріс қылықтарының міндетті элементі ретінде заңсыздықты анықтау мәселесіне арналған. Зерттеудің өзектілігі қазіргі қоғамдағы медицина қызметкерлерінің құқықтық жауапкершілігі мәселелерінің маңыздылығымен байланысты, себебі кез келген адамның ең қымбат игілігі – өмірі мен денсаулығы – медициналық көмектің сапасы мен қызметкерлердің өз жұмысына деген адалдығына байланысты.

Әдебиеттерді теориялық талдау негізінде автор ғылымда медициналық жауапкершілік мәселелері ең алдымен қылмыстық және азаматтық құқық тұрғысынан ашылады деген қорытындыға келеді. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігінің мәселелері салалық сипатқа ие, сондықтан оларды еңбек құқығы нормалары призмасы арқылы зерттеу қажет.

Мақалада заңсыздықтың заң үстемдігінің құқықтық принципіне сай келетін және жазаның әділдігі туралы идеяларға жауап беретін тәртіптік теріс қылықтың міндетті белгісі ретіндегі мәні ашылады.

Автор медицина қызметкерлерінің тәртіптік теріс қылықтарын заңсыздық белгісіне қарай жіктеуге әрекет жасаған. Осыны негізге ала отырып, сондай-ақ сот практикасын талдау жасай отырып тәртіптік теріс қылықтарды бейінді, атқарушылық, басқарушылық (лауазымдық), сыбайлас жемқорлық, этикалық теріс қылықтарға бөлу ұсынылды.

Зерттеу зиянның болуы тәртіптік құқық бұзушылықтың міндетті элементі болып табылмайтынын және тәртіптік жауапкершіліктің негізіне емес, тек қолданылатын жазаның ауырлығына әсер етуі мүмкін екені айтылған. Автордың пікірінше, бұл тәсіл медициналық қызметкердің кәсіби қызметті жүзеге асырудың нормаларын, талаптары мен ережелерін дәл сақтау міндеті ретінде қарастырылатын медициналық этиканың деонтологиялық моделімен үйлесімді.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

PhD, .азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының  аға оқытушысы

##submission.downloads##

Жарияланды

28.03.2025

##submission.howToCite##

Разиева , Д. Б. (2025). ҚҰҚЫҚҚА ҚАЙШЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТӘРТІПТІК ТЕРІС ҚЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(1). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_114

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық