КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК СОТТАРДА НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯ МЕН ЗАҢДАРҒА СӘЙКЕСТІГІН ҚАРАУ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Лейла Тельмановна Жанузакова ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институт, «Тұран» университеті
  • Бахытжан Жүрсінұлы Қуандықов Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультеті
  • Ернар Адам Ташкент мемлекеттік заң университеті

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_26

Кілт сөздер:

әкімшілік сот, заң, конституция, конституциялық сот, нормативтік құқықтық акт, даулау, құқық

Аңдатпа

Мақала жалпы құқық теориясының, конституциялық құқықтың және әкімшілік процестің өзекті мәселелерінің бірі – нормативтік құқықтық актілерді Конституция мен заңдарға сәйкестікке келтіру туралы Конституциялық және әкімшілік соттарда қаралу. Жұмыста осы мәселеге отандық және шетелдік ғылыми заң әдебиеттерінде бар теориялық көзқарастар зерделенді, Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына, конституциялық, әкімшілік және азаматтық сот ісін жүргізу туралы ұлттық заңнамаға және оны қолдану тәжірбесіне сыни талдау жүргізілді, сондай-ақ салыстырмалы түрде конституциялық және әкімшілік әділет органдарының, жалпы юрисдикция соттарының өкілеттіктерін құқықтық реттеудің шетелдік тәжірибесі зерттелді. Осы негізде Қазақстанның конституциялық соты мен әкімшілік соттары қызметін құқықтық қамтамасыз етудегі жекелеген қарама-қайшылықтар, олқылықтар, дәлсіздіктер және өзге де кемшіліктер анықталды. Азаматтық процесстік кодексінде де қандай нормативтік құқықтық актілер сотта олардың заңдылығы тұрғысынан даулануы мүмкін екендігі анықталмаған. Президенттің конституциялық сотқа заңдардың алдын-ала және кейінгі бақылау тәртібімен ғана емес, сонымен бірге кез-келген мемлекеттік органдардың қолданыстағы құқықтық актілерімен де Конституцияға сәйкестігі туралы ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беретін шамадан тыс өкілеттіктері туралы мәселе туындайды, бұл іс жүзінде билікті бөлу қағидасын бұзады. Республика Конституциясында мемлекеттік басқару нысанын анықтаудың нақтылы еместігі байқалады, бұл Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заңның конституцияға сәйкестігін, мемлекеттік басқару нысанының өзгермейтіндігін белгілейтін Конституциялық Сотта даулауға мүмкіндік береді. Бұл заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстарды әзірлеуге және негіздеуге мүмкіндік берді.

 

 

##submission.authorBiographies##

##submission.authorWithAffiliation##

Заң ғылымдарының докторы, профессор, конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің бас ғылыми қызметкері, құқық ҒЗИ директордың орынбасары

 

##submission.authorWithAffiliation##

старший преподаватель кафедры истории государства и права, конституционного и административного права

##submission.authorWithAffiliation##

заң ғылымдарының магистрі, докторлық бағдарламасының дербес ізденушісі 

##submission.downloads##

Жарияланды

28.03.2025

##submission.howToCite##

Жанузакова, Л. Т., Қуандықов, . Б. Ж., & Адам, . Е. (2025). КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК СОТТАРДА НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯ МЕН ЗАҢДАРҒА СӘЙКЕСТІГІН ҚАРАУ ТУРАЛЫ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(1). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_26