МӘМІЛЕЛЕРДІ РӘСІМДЕУ КЕЗІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

Авторлар

  • Жандос Көпжасарұлы Жетібаев

Кілт сөздер:

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, интернет , кәсіпкерлік, электрондық мәміле, электрондық сауда-саттық, ұялы телефондармен электрондық мәміле жасау, кәсіпорындар мен тұтынушылар, B2B, B2C, C2C

Аңдатпа

Мақалада интернет желісі дамуының арқасында жаңа технологияларды қолдану арқылы мәмілелерді электронды нысанда жасауда кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне елеулі серпін беретіндей бәсекелестікті дамытудың тиімді тетігіне айналып отырғандығы көрсетіледі. Электрондық мәміле қатысушыларының бір біріне деген сенім деңгейінің маңыздылығы да ескеріледі, онда тараптар арасында неғұрлым бір-бірлерімен қашықтықтан сәтті сауда-саттық жасаса, соғұрлым электрондық сауданың өсуіне оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ мақалада жаңа технологиялардың дамуы салдарынан пайда болған жағымсыз тұстарына, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне немесе қызмет деңгейінің төмендетілуіне, электрондық мәміленің тиісінше орындалмау қаупіне және соңғы жылдары интернет желісі арқылы жасалынатын алаяқтық қылмыстарына мән беріледі.

Сонымен қатар, мақалада электрондық сауда түрлерін ажыратуға байланысты, олар сегменттерге бөлінгенін, атап айтқанда «business to business», «business to consumer» және «consumer to consumer»-дің электронды нысанда жүргізілетін сауда нарығында алатын орны мен ерекшелігі қарастырылады және электрондық сауда-саттықта реттеудің ыңғайлы тәсілі етіп, арнайы алыпсатар-делдалдық қызметтердің қажеттілігіне сүйенбей жүзеге асыратындығы ескеріледі. Автор көрсетілген сегменттер бойынша электрондық сауда компьютермен бірге ұялы телефонмен де жүргізілетіндігіне және оның жыл сайын саны артып келе жатқанына назар аударады.

Мақалада ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы сауда-саттықты дамыту рейтингісі бойынша Қазақстан әлемнің жүздеген елдердің ішінде жылдан жылға алға жылжып келе жатқаны туралы атап өтіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сауда қызметін реттеу департаменті келтірген бүгінгі күні электрондық сауданың дамуына қолайсыздық туғызып отырған мәселелі сұрақтар да көтеріледі.

 

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2020

##submission.howToCite##

Жетібаев, Ж. К. . (2020). МӘМІЛЕЛЕРДІ РӘСІМДЕУ КЕЗІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(60). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/161