ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР М.А. СӘРСЕМБАЕВТІҢ «ХЕҰ КОНВЕНЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НОРМАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ҚАЖЕТТІГІ ТУРАЛЫ» ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМЫНА ҚАЙТА ОРАЛҒАНДА
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_78_3_273Кілт сөздер:
Халықаралық еңбек ұйымы, ең төменгі жалақы, жалақыны индексациялау, салалық еңбекақы, жұмысшылардың құқықтарын қорғау, қазақстандық еңбек заңнамасыАңдатпа
Аталған мақалада М.А. Сәрсембаевтің 2017 жылғы №2 (47) Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты Жаршысында жарияланған «ХЕҰ конвенцияларының және қазақстандық еңбек құқығының нормаларын жетілдіру қажеттігі туралы» мақаласы талданды. Профессор М.А. Сарсембаевтің мақаласында ұлттық еңбек заңнамасының нормаларын жетілдіру мақсатында ғылыми құқықтық талдауға 1967 жылы 23 маусымында ХЕҰ-ның Бас конференциясының Женевадағы 67-ші сессиясында қабылданған «Ерлер мен әйелдердің еңбек құқықтарының теңдігі мен мүмкіндіктері туралы конвенция» (№156), 1949 жылдың 1 шілдесінде ХЕҰ-ның Бас конференциясының Женевадағы 32-ші сессиясында қабылданған «Жалақыны қорғау туралы» (№95) және 1928 жылдың 16 маусымында қабылданған «Ең төменгі жалақыны белгілеу процедурасы туралы» (№26) конвенцияларын қоса алғанда, Халықаралық еңбек ұйымының (әрі қарай-ХЕҰ) конвенциялары қарастырылады. Профессор Сарсембаев Қазақстанның конвенцияларға қатысушы ретінде ХЕҰ-ның Әкімшілік бюросы арқылы жетілдіру ұсыныстарын (аудармалар, жаңа тұжырымдамалар, баптар және терминдер) енгізуге мүмкіндігі бар екендігін атап өтіп, осы конвенциялардың кемшіліктерін анықтап, олардың жетілдірілуіне қатысты ұсыныстарын білдіреді. Мақалада сондай-ақ Қазақстанның ұлттық құқықтық жүйесі үшін маңызды болып табылатын Конвенцияларға қосылу мәселесі көтерілген: «Әлеуметтік қамтамасыз ету минималды нормалары туралы конвенция» (№102), «Ауыл шаруашылығында бірлестік құру құқығы туралы конвенция» (№11), «Ауыл шаруашылығында жұмысшылардың ауыр жағдайларда өтемақы алу туралы конвенция» (№12) және «Ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың денсаулығын сақтандыру туралы конвенция» (№25).