МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДА ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ РӘСІМДЕРІН ЭКОЛОГИЯЛАНДЫРУ

Авторлар

  • Марат Амрадинұлы Әленов Астана халықаралық университеті
  • Ербол Абайұлы Дүйсенов ҚР Конституциялық Соты

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_79_4_82

Кілт сөздер:

мемлекеттік сатып алу, экологияландыру, «жасыл» сатып алу, шешім қабылдауға жұртшылықтың қатысуы, қоршаған ортаны қорғау

Аңдатпа

Мақала мемлекеттік сатып алу саласындағы тиесілі міндеттерді қалыптастыру және осы салада экологиялық критерийлерді есепке алу тетіктерін құру мәселелеріне арналған. Денсаулыққа зиянды факторларды шектеу, табиғи ресурстардың сапасын сақтау және мемлекеттік басқарудағы жаңа тәсілдер контекстінде мемлекеттік сатып алу саласын дамыту қажеттілігін қозғайтын бағдарламалық және стратегиялық құжаттарға шолу жасалды. Мақалада Орхус конвенциясының әлеуетіне назар аударылып, қоғаммен өзара әрекеттесу тәжірибесін жетілдірудің жекелеген аспектілері де көрсетілген. 2024 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға талдау жасалды, оның ережелері 2025 жылдың басынан бастап күшіне енеді. Сондай-ақ, жұртшылықтың шешім қабылдауға қатысуын институттандыру нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және өзге де объектілердің құрылыс жобаларын талқылауды жүргізуде көрініс тапқаны атап өтілді.

Сондай-ақ, ЕО тәжірибесі келтірілген, атап айтқанда, қоршаған ортаны жақсарту үшін мемлекеттік (жария) сатып алу мәселесі бойынша тиісті актілер зерделенген.

Швецияда, Норвегияда, Данияда, Германияда, Канадада, Америка Құрама Штаттарында және Австралияда «жасыл» сатып алуды реттеу және жүзеге асыру бойынша шетелдік тәжірибені қамтитын зерттеу міндеттерінен туындаған талдау жасалды.

Шешім қабылдау сатысында шешім қабылдауға жұртшылықты тарту және шешімдердің балама нұсқаларын, соның ішінде бірнеше осындай нұсқаларды бір уақытта толық қарастыру үшін тиісті шешімді әзірлеуді жоспарлау негізділігі туралы қорытынды берілген.

Шетелдік тәжірибені талдау мемлекеттік сатып алу саласындағы экологияландыру құралдарын дамыту үшін елеулі әлеуеттің бар екендігін көрсетеді, сондай-ақ экологиялық сатып алудың тиімді тетіктерін әзірлеу және енгізу, оларды елдің құқықтық жүйесі мен экономикалық құрылымына бейімдеу үшін мысалдар көрсетеді.

Авторлар қоғамның шешім қабылдауға, ақпаратқа қол жеткізуге және сот төрелігіне қатысуы конституциялық-құқықтық мазмұнға ие және салалық заңнамада байқалатынын атап көрсетеді. Тұжырымдамалық құжат ретінде әрекет ететін және қоғамдық қатынастарды реттеудің құндылық-құқықтық векторларын бекітетін мемлекеттің Негізгі заңына назар аударылды.

##submission.downloads##

Жарияланды

11.11.2024

##submission.howToCite##

Әленов , . М. А., & Дүйсенов , Е. А. (2024). МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДА ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ РӘСІМДЕРІН ЭКОЛОГИЯЛАНДЫРУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(79). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_79_4_82

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық