МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_79_4_243Кілт сөздер:
заң нормаларын талдау, заңнаманың тиімділігі, заңның кемшіліктері, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік сатып алу, заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдарАңдатпа
Мақала «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң), оны қолдану практикасын талдауға арналған және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнаманы жетілдірудің проблемалық мәселелерін анықтауға және оларды шешу жөнінде ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеуге бағытталған. Бұл ретте құқық қолдану практикасының тиімділігіне ерекше назар аударылады.
Осы саладағы қолданыстағы заңнаманы талдау мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы арнайы заңның маңыздылығын түсінуге әкеледі. Сонымен қатар, заңға деген қажеттілік қоғамның ең белсенді топтарының әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз ететіндіктен де туындайды, ал мемлекеттік тапсырыстар шеңберіндегі қаражат көптеген қоғамдық бірлестіктердің қаржылық тұрақтылығы мен өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты зерттеу авторлары Заңның баптары бойынша талдау жүргізді, оның жүйелілігі мен қолданудың әлеуметтік маңыздылығы зерттелді, құқықтың сыбайлас жемқорлық нормалары анықталды, оларды іске асырудың тиімділігіне бағалау жүргізілді, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленді.
Заңнаманы талдау заң шығару жұмысының негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі жоспарлауға, заңнама нормаларымен реттелуі тиіс қоғамдық қатынастардың салаларын белгілеуге, қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу және жаңа актілер қабылдау қажеттілігін негіздеуге, оларды мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарымен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, осы зерттеудің өзектілігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнаманың тиімділігін, оның жүйелілігі мен келісімділігін одан әрі арттырудың объективті қажеттіліктеріне байланысты күшейтіледі.
Зерттеу нәтижелері кәсіподақтарды құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде пайдаланылуы және заң шығару қызметінде ескерілуі мүмкін.