ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАНЫҢ КЕЙБІР ТҰЖЫРЫМДЫҚ ТЕРМИНДЕРІН НАҚТЫЛАУ ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_274Кілт сөздер:
заңнама, заңнама талаптарын бұзу, қате терминдер, ырықтандыру, резидент емес ата-анаАңдатпа
Қолданыстағы заңнама мәтінінің қазақ тіліндегі нұсқасында көптеген қателер орын алып отырғаны белгілі. Олардың ауқымы кең, саны да көп, бірақ үлгі ретінде тұжырымды деп санауға болатын екі мысал ғана таңдап алынды. Практикалық тұрғыдан ол қателерді зерделеу оларды жіберудің бірнеше себебін ашуға мүмкіндік береді. Біріншіден, заңнаманың қазақ тіліндегі мәтінінің аударма сипатында болуына байланысты өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бері жинақталып келе жатқан лексикалық қордың динамикасына, аудармашы мамандардың субъективтік рөліне, жаһандану мен озық ақпараттық-технологиялық процестерге бой ұсынуы және т.с.с. себептер бойынша объективті өзгеруі. Екіншіден, әзірлеуші мемлекеттік органдардың қолданыстағы заңнаманың заң жобаларын әзірлеуге қойылатын талаптарын өрескел бұзуы. Үшінші негіз ретінде әзірлеуші мемлекеттік органдардың заң жобаларының мәтінін басым түрде компьютерлік бағдарламалармен аударуды келтіруге болады. Сондықтан соңғы кезде заң жобаларында кездесіп жатқан «махаббатзат немесе аналармен, қоса алғанда», «болсал импорттаушы», «ұсынбасаются», «өтінішпенется» сияқты «аударма» нұсқалардың әзірлеуші мемлекеттік органдардың «АСА ШҰҒЫЛ!» не «ӨТЕ ШҰҒЫЛ!» деген тәртібі мен әкімшілік ресурстарды мейлінше қосу жағдайында заңдық күшке ие болып кетпейтініне ешкім кепілдік бере алмайды.
Осы мақаланың мақсаты заң шығару процесі мен құқықтық- лингвистикалық мониторингтің объектісі ретінде экономика, қаржы және заң салаларында кең қолданылатын қате аударылған тұжырымды терминдер мен ұғымдарды нақтылау, яғни күн тәртібіне жіберілген кемшіліктерді түзету мәселесін қою болып табылады.