ЭКОНОМИКАНЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕТТЕУ: ҚАЗАҚСТАН ОҢТАЙЛЫ ҮЛГІНІ ІЗДЕУДЕ

Авторлар

  • Виктор Александрович Малиновский Нархоз Университеті

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_45

Кілт сөздер:

экономикалық конституция, экономикалық қауіпсіздік, конституциялық экономикалық қатынастар, конституциялық экономика, табиғи ресурстардың халыққа тиесілі болуы

Аңдатпа

Осы мақалада Қазақстан Республикасының конституциялық актілерінде бекітілген экономикалық қатынастардың мазмұнын айқындауға назар аударылады. 1990-1995 жылдардағы конституциялық реттеу пәні Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен мемлекеттік тәуелсіздігін құру және бекіту; экономиканың социалистік моделінен нарық моделіне көшу; осы кезеңде болған өзекті объективті және субъективті, ішкі және сыртқы тегеуріндер мен қатерлерді еңсеру жағдайында құрылды.

Әлеуметтік жүйенің экономикалық негіздері институтының аксиологиялық бастаулары 1993 және 1995 жылдардағы конституцияларда арнайы азаматтық-құқықтық қағидаттардың басымды болуына байланысты қысқарды. Нәтижесінде Қазақстанның біртұтас экономикалық жүйесінің классикалық элементтерінің жиынтығында жұмыс істейтін кешенді конституциялық моделін қалыптастыру мүмкін болмады. Конституцияның оған әсер ету мүмкіндігі шектеулі болды.

Бүгінгі таңда өз тәжірибемізбен (жағымды да, жағымсыз да) бұл новеллаларды ашу және нығайту үшін Конституцияны қандай нормалармен толықтыру, экономикалық қатынастардың жаңа басымдықтары қандай болуы керек екенін, нормаларға жоғары деңгейлік күш беру үшін төменгі деңгейдегі заңнамадан беріктік пен қорғаныс дәрежесі бар әр түрлі «түсінбеушіліктерден», сәйкессіздіктерден және құқықбұзушылықтардан қорғау  ережелерін көтеру, осылайша, доктриналық тәсілдерді, құқық шығармашылық және құқық қолдану, оның ішінде құқық қорғау қызметін жаңартылған құндылықтар, бірінші кезекте қазақстандықтардың әділдігі, жауапкершілігі мен сенімі негізінде түбегейлі қайта форматтау қажеттігін әлдеқайда айқын көре бастадық.

Қазір жағдайды түзету үшін Негізгі заңда басты әлеуметтік мақсаты мемлекеттік тәуелсіздік пен елдің экономикалық (қаржылық, технологиялық, экологиялық және т.б.) егемендігін (қауіпсіздігін) қамтамасыз ету, әлеуметтік қайшылықтарды жеңілдету, қоғамды дәйекті шоғырландыруды жалғастыру, азаматтардың әл-ауқатын арттыру болып табылатын қазақстан экономикасын конституциялық құндылық ретінде айқындап бекіткен жөн. Нәтижесінде Қазақстан экономикасы тиісті конституциялық-құқықтық реттеуге, конституциялық-идеологиялық қамтамасыз етуге және жоғары конституциялық қорғауға ие болады. Ол өзінің бірқалыпты және тұрақты конституциялық экономикаға айналуын жалғастырады.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

заң ғылымдарының докторы, профессор, Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер институтының Конституциялық экономика орталығының директоры

##submission.downloads##

Жарияланды

28.03.2025

##submission.howToCite##

Малиновский, В. А. . (2025). ЭКОНОМИКАНЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕТТЕУ: ҚАЗАҚСТАН ОҢТАЙЛЫ ҮЛГІНІ ІЗДЕУДЕ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(1). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_45