АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРГАНДАРҒА ЖҮГІНУ ҚҰҚЫҒЫН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ БЕКІТУ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ

Авторлар

  • Арлан Алмасұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ербол Мусинович Абайдельдинов

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_191

Кілт сөздер:

Шарттық органдар, БҰҰ, Адам құқықтары, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот, Конституция, БҰҰ комитеттерінің шешімдері, жеке шағымдар

Аңдатпа

Ғылыми мақалада адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық органдарына жүгіну құқығының бірқатар мемлекеттердің конституцияларында бекітілу тәжірибесі, осы конституциялық норманың ішкі құқықтағы дамуы және мемлекеттердің халықаралық адам құқықтарын қорғау органдарымен өзара әрекеттесуі зерттеледі.

Зерттеу барысында адам құқықтарын қорғау бойынша халықаралық органдардың шешімдерін орындау тәжірибесінің салыстырмалы талдауы жүргізіледі. Бұл талдау аталған құқық конституциялық деңгейде бекітілген және ондай бекіту жоқ елдерді қамтиды. Оның нәтижесінде халықаралық органдарға жүгіну құқығын конституциялық түрде бекітудің тиімділігі туралы қорытынды жасалады. Аталған құқықты конституциялық деңгейде бекіту саяси-құқықтық кепіл ретінде шешімдерді қарау мен орындауды қамтамасыз ететіндігі көрсетіледі.

Мақалада сонымен қатар адам құқықтарын қорғау бойынша халықаралық органдарға жүгіну құқығын жүзеге асырудың теориялық және практикалық аспектілеріне талдау жасалған. Осы құқықтың конституциялық бекітілуі нәтижесінде туындайтын қосымша заңдылықтар анықталды.

Мақаланың қорытынды бөлімінде жүргізілген зерттеудің негізгі тұжырымы жасалды: адам құқықтары жөніндегі халықаралық органдарына жүгіну құқығын конституциялық тұрғыда бекіту мемлекеттің өз аумағында адам құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғауға шынайы ниетті екенін көрсететін саяси ұстанымын білдіреді. Онымен қатар аталған тәсіл құқықты жүзеге асыруды жақсартуға ықпал етеді, әсіресе азаматтардың осы құқық туралы хабардарлығын арттыру және мемлекеттің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру арқылы.

##submission.downloads##

Жарияланды

01.10.2025

##submission.howToCite##

Алмасұлы, А., & Абайдельдинов, Е. М. (2025). АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРГАНДАРҒА ЖҮГІНУ ҚҰҚЫҒЫН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ БЕКІТУ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(3). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_191

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану