САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ ЗАҢДЫ САЛЫҚТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ МЕН САЛЫҚТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АЖЫРАТУ МАҚСАТЫНДА САЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЗАҢНАМАДА НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕУ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Авторлар

  • Томирис Сайлауовна Смагулова Каспий қоғамдық университеті
  • Евгений Викторович Порохов Каспий қоғамдық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_82

Кілт сөздер:

салықтық жоспарлау, қаржылық-экономикалық қызмет, салықтық ауыртпалықты оңтайландыру, салықтық құқықбұзушылықтар, салықтық тесіктер

Аңдатпа

Бұл мақала салықтық жоспарлауды салықтық міндеттемелерді басқарудың маңызды құралы ретінде және салық төлеушілердің заңды салықтық мінез-құлқы мен салықтық құқықбұзушылықтарды ажыратуға бағытталған оны егжей-тегжейлі нормативтік-құқықтық реттеудің қажеттілігін талдауға арналған. Экономиканың ғаламдануы, салық заңнамасының тұрақты өзгерістері мен құқық қолдану практикасының өзгеруі жағдайында салықтық жоспарлау мәселелері жеке және заңды тұлғалардың қаржылық-экономикалық қызметін тиімді ұйымдастыру үшін ерекше маңызға ие болып отыр. Салықтық жоспарлау өзінің құрылымы бойынша салық төлеушінің күрделі мінез-құлқы болып табылады, себебі ол салық төлеушінің қаржылық-экономикалық қызметін жүзеге асыру барысында қабылдаған шешімдеріне байланысты болашақ салықтық міндеттемелерінің барлық мүмкін нұсқаларын бағалауға қатысты түрлі іс-әрекеттерді қамтиды. Салықтық жоспарлаудың мәні – заңды әдістермен салықтық шығындарды оңтайландыру мақсатында ұйымның қаржы саласында басқарушылық шешімдер қабылдау және әзірлеуге бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеу болып табылады. Алайда, салықтық жоспарлаудың заңды әдістерін қолдануға мүмкіндік болғанына қарамастан, салық төлеушілер «шекаралық» салықтық жоспарлау әдістерін, яғни салықтық құқықбұзушылықпен шектесетін немесе заңсыз әдістерді қолдануда. Халықаралық және ұлттық салық заңнамасын, сондай-ақ салық төлеушінің салықтық жоспарлау барысында заңды және заңсыз мінез-құлқымен байланысты мәселелерді реттейтін тәжірибені талдау негізінде авторлар салық төлеушінің қаржылық-экономикалық қызметін жоспарлау кезінде қолданатын салықтық мінез-құлықтың түрлерін, заңды және заңсыз салықтық жоспарлау әдістерінің айырым белгілері мен ерекшеліктерін анықтап, сондай-ақ заңды салықтық мінез-құлық пен салықтық құқықбұзушылық арасындағы шекарада орналасқан салықтық жоспарлау әдістерінің аясын белгіледі. Зерттеу барысында авторлар салық заңнамасын жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірледі.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2025

##submission.howToCite##

Смагулова . T. S., & Порохов E. V. . (2025). САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ ЗАҢДЫ САЛЫҚТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ МЕН САЛЫҚТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АЖЫРАТУ МАҚСАТЫНДА САЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЗАҢНАМАДА НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕУ ҚАЖЕТТІЛІГІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(2). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_82

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық