ЗАҢНАМАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЛОББИЗМ ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_38Кілт сөздер:
заң шығару процесіндегі лоббизм, лоббистік қызмет, заң шығару процесінің ашықтығы, халықаралық тәжірибе, қолданыстағы заңнама, петицияАңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасындағы заң шығару процесіндегі лоббизмді зерттеуге арналған. Мақалада 2009-2012 жылдар аралығында «Лоббизм туралы» заңды қабылдау және оған қатысты заң жобасын қарау талқыланған. Бұл заң жобалары ведомстволық қысымды және корпоративтік мүдделерді қоғам мүдделеріне қарсы алға жылжытуды жоюға бағытталған. Депутаттар бұл заң жобаларын екі жарым жыл бойы қарады. Лобби қызметін құқықтық реттеудің халықаралық тәжірибесіне, сондай-ақ заңнамалық үдерістегі лоббирлік жөніндегі ұлттық заңнамаға талдау жүргізілді, бұл тиісті қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдауға мүмкіндік берді. Басқа ғалымдар лоббистік қызметті заңнамалық реттеу ерекшеліктерін англосаксондық немесе континентальдық құқықтық модельге байланысты қарастырады. Заң шығару процесіндегі лоббизм туралы ұлттық заңнаманы талдау келесі қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдауға мүмкіндік береді. Дамыған демократиялық елдерде лоббизм қоғамдық-саяси өмірдің қалыптасқан институты болып табылады. Белгілі бір дәрежеде лоббизм институтына петициялар туралы ережелерді жатқызуға болады. Петиция мемлекеттік органға жіберілетін ұжымдық хабарлама, жауап немесе ұсыныс ретінде түсініледі. Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс «Петиция» атты 12-1 тараумен толықтырылды (ҚР Заңы 2023 жылғы 2 қазан № 31-VIII). Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында лоббизм институтының элементтеріне жатқызуға болатын ережелер бар. Қазақстанның құқықтық жүйесі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдау кезінде ашықтықты пайдаланады. Азаматтар, қоғамдық ұйымдар, оның ішінде саяси партиялар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кез келген заң жобасы бойынша өз ұстанымдарын білдіруге құқылы. Қазақстанда заң шығару процесінде лоббистік қызметке тыйым салынбаған. Заңды қабылдау жылдар бойы қалыптасқан заң жобаларын талқылау және қабылдау тәртібін айтарлықтай өзгертпейді. Дегенмен, жеке заңды немесе қолданыстағы заңнамаға түзетулерді қабылдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.