КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Рафал Ришардович Чахор Ян Вижиковский университеті

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_197

Кілт сөздер:

салыстырмалы конституциялық құқық, Конституциялық сот ісін жүргізу, құқықты қорғау тетіктері, Польша Республикасының Конституциялық трибуналы, азақстан Республикасының Конституциялық соты

Аңдатпа

Осы зерттеудің тақырыбы Польша Республикасы мен Қазақстан Республикасындағы Конституциялық соттардың құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері болып табылады. Екі ел Конституцияларының тиісті ережелеріне негізделген зерттеу салыстырмалы және догматикалық әдістерді қолдана отырып жүргізілді, бұл соттардың құрамы, судьяларды тағайындау тәртібі, олардың тәуелсіздігінің кепілдіктері және құзыреттер көлемі сияқты негізгі аспектілерді қарастыруға мүмкіндік берді.

Зерттеу барысында екі орган да Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқара отырып, Конституциялық сот төрелігінің орталықтандырылған моделіне жататындығы анықталды. Дегенмен, олардың функцияларының ұқсастығына қарамастан, олардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Бұл айырмашылықтар, атап айтқанда, соттардың жұмысына қатысатын судьялардың санына, оларды тағайындау рәсіміне, өтініш беруге құқығы бар субъектілер тобына, сондай-ақ соттардың өкілеттіктерінің тізбесіне қатысты.

Мақалада демократиялық құқықтық мемлекеттің негізі ретінде Конституциялық сот ісін жүргізудің маңыздылығына ерекше назар аударылады.

 Польша Республикасының Конституциялық трибуналы (РП КТ) мен Қазақстан Республикасының Конституциялық соты (ҚР ҚК) арасындағы конституциялық ережелерді талдау барысында анықталған айырмашылықтар екі елдің саяси жүйелерінің ерекшелігіне байланысты екені атап өтіледі. Польшада конституциялық бақылау жүйесі екі палаталы Парламенттің басым рөлдерімен тығыз байланысты, ал Қазақстанда ол президенттік басқару нысанының ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл айырмашылық, атап айтқанда, Конституциялық соттардың судьяларын тағайындау тәртібімен көрінеді: Польша республикасында РП КТ судьяларын тек парламент тағайындайды, ал Қазақстан Республикасында судьялардың бір бөлігін ҚР Президенті тағайындайды.

Осылайша, жүргізілген зерттеу Конституциялық Сот төрелігі институтын зерттеудің адам құқықтарын қорғау механизмін және әртүрлі саяси-құқықтық жүйелердегі мемлекеттің демократиялық негіздерін терең түсіну үшін маңыздылығын көрсетеді.

##submission.downloads##

Жарияланды

28.03.2025

##submission.howToCite##

Чахор, Р. Р. (2025). КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(1). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_197

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану