ХАЛЫҚҚА ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАМЕН ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ: ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ

Авторлар

  • Әсия Әлімғазықызы Дәулетханова «Астана медициналық университеті» КеАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_226

Кілт сөздер:

заң көмегі, білікті көмек, конституциялық кепілдіктер, цифрлық технологиялар, заң қызметтері, цифрлық коммуникация

Аңдатпа

Мақалада кешенді онлайн-платформаны құруға және оның пайдаланылуына талдау жасалған, сонымен қатар адамдар үшін құқықтық көмек көрсету қолжетімділігі мен сапасын арттырудағы оның әлеуеті сипатталады. Құқықтық көмек көрсету жүйесіндегі қолданыстағы онлайн платформалардың функциялары, кәсіби құқықтық көмекке тегін қолжетімділікті қамтамасыз етуі қарастырылады. Қазақстанда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы мен мемлекеттік қызметтердің толық цифрлануы жағдайында халыққа құқықтық қызмет көрсету үшін инновациялық онлайн платформаны құру қажеттілігі негізделген. Бұл платформаның қызметі алдағы уақытта әрбір адам мен азаматқа кәсіби заң көмегін алуға және білікті заң көмегін алуға деген Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықты жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталады.

Платформа білім беру мекемелерімен және мемлекеттік порталдармен интеграцияланады, заң қызметтеріне тегін қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жеке деректерді қорғау және киберқауіпсіздік мәселелерін ескеру маңызды, өйткені цифрлық технологияларды қолданудың артуы деректердің өсуі және кибератакалар тәуекелін арттырады, бұған әлем бойынша миллиондаған адамдар күн сайын кездесіп отыр. Осылайша, анық нормативтік-құқықтық негіздерді әзірлеу және елдер арасында ынтымақтастық алдыңғы қатарлы технологияларды, мысалы, жасанды интеллект пен процестерді автоматтандыруды бейімдеу және енгізу процесін жылдамдатуы мүмкін.

Мақала жобалық зерттеу жұмыстары аясында дайындалған. Зерттеудің мақсаты білім беру қызметі мен автоматтандырылған заң көмегін біріктіретін онлайн-платформаны әзірлеу және қолданысқа енгізу болып табылады, осы арқылы Қазақстанда білікті заң көмегіне қол жеткізуді жақсартуға және құқықтық мәдениетті арттыруға қол жеткізуге болады деп күтіледі. Сонымен қатар, заң көмегін көрсетуге қатысты ұқсас онлайн-платформалардың шетелде қолдану тәжірибесі талданады және олардың Қазақстан жағдайына бейімделуі зерттеледі. Мақалада онлайн платформаның Қазақстандағы құқықтық ортаға әсерін өзгерту жолдары жан-жақты қарастырылған, сондай-ақ жаңа форматтағы заң қызметтерін ұсынудың проблемалары мен перспективалары зерттеледі.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

заң ғылымдарының кандидаты

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2025

##submission.howToCite##

Дәулетханова , Ә. Ә. (2025). ХАЛЫҚҚА ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАМЕН ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ: ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(2). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_226