МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КРИТЕРИЙЛЕРДІ ЕНГІЗУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІКТЕРІ

Авторлар

  • Марат Амрадинович Аленов Астана Халықаралық университеті
  • Ербол Абайұлы Дүйсенов ҚР Конституциялық Соты

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_81

Кілт сөздер:

экологиялық критерийлер, құқықтық механизмдер, серіктестік шарттары, мемлекет және бизнес, серіктестік келісімдері, қоршаған орта

Аңдатпа

Мақала мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) тақырыбына және осы салада жүзеге асырылатын бірлесіп орындалатын жобаларға экологиялық критерийлерді енгізу мәселелеріне арналған. Тақырып бойынша қолданыстағы заңнамаға шолу және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тиісті нормаларына талдау жүргізілді. Тақырыптың мәселелерін қамту барысында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің шаруашылық қызметтің табиғи процестерге әсерін бағалау критерийлерін белгілейтін нормаларына назар аударылды.

Авторлар әріптестік мәселелерінде мемлекет пен бизнес құрылымдары белсенді болуы керек, ал ол үшін тиімді құқықтық құралдар (тетіктер) қажет деп санайды. Экологиялық критерийлерді іске асырудың ең тиімді жолы әріптестік келісімдерінің мәтіндерінде экологиялық ережелерді егжей-тегжейлі көрсету болып табылады. Авторлар бұл ережелер келісім-шарттарда қалай көрінетінін және осы бағытта қандай оң нәтиже күтуге болатынын көрсетеді.

Мақалада Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы ашық дереккөздерде берген деректер пайдаланылады. Орталық көтерген мәселелер бойынша МЖӘ келісімдерінің экологиялық сегменті туралы авторлардың ұстанымы ұсынылған. Авторлар әріптестік негізінде жүзеге асырылатын жобаларды іске асыру қиындықтары әзірленетін құжаттардың сапасына байланысты деген пікірді негізді деп санайды. Ол құжаттардың арасында келісім шарт негізгі орын алады.

Нақты мысалдар арқылы салалық заңнама немесе ондағы жеке ережелер өзгерген кезде не болатыны мақалада көрсетілген. Келісімшарттардағы оқиғаны немесе тиісті құбылысты бағалаудың экологиялық критерийлері, әдетте, өзгеріссіз қалады, бірақ жобаға қатысушылардың, әсіресе уәкілетті органдардың өкілдерінің, оларға деген көзқарасы өзгеруі мүмкін. Бұл шартты орындалу сатысында заңнамаға өзгерістер енгізілген кезде орын алуы мүмкін. Авторлар шарттың мазмұны бойынша өз ұстанымдарын негіздейді, ал оның әмбебап (модельдік) нұсқаны әзірлеу қиын деп есептейді. Мақалада авторлардың әріптестік шарттары қандай критерийлер бойынша бағалануы керек және бұрын жасалған және орындалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша зерттеу үшін қандай ақпарат маңызды екендігі туралы қорытындылары қамтылған.

##submission.downloads##

Жарияланды

01.10.2025

##submission.howToCite##

Аленов, М. А., & Дүйсенов, Е. А. (2025). МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КРИТЕРИЙЛЕРДІ ЕНГІЗУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІКТЕРІ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(3). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_81

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық