ЗАҢНАМАНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГТІҢ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_337Кілт сөздер:
құқықтық мониторинг, нормативтік құқықтық акт, құқықтық жүйе, құқықтық мониторингтің болмысы, нормашығармашылық, құқық қолдану, иерархия, тиімділікті бағалау, болжау, заңнаманы талдауАңдатпа
Кез-келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің жаңартылып отыруы мен жүйелі түрде талдауға түсуі заманауи талап болып табылады. Қоғам және экономиканың қарқынды дамып жатқан заманында заңнаманың тұрақтылығы және оның жаңа өзгерістерге дайын болуы мен құқық қолдану тәжірибесінің талаптарына сәйкес келуі қажет. Бұл жағдайда заңнамалардың тұрақтылығы мен тиімділігін құқықтық мониторинг жүргізу арқылы анықтауға болады. Осы тұрғыдан, жыл сайын жана нормативтік құқықтық актілердің қабылдануы және оның санының көбеюі, өз кезегінде қайшы, қайталанатын нормалар мен олқылықтарды туындатуы кұқықтық мониторинг жүргізудің өзектілігін арттырады. Құқықтық мониторингтің жиі кездесетін проблемалары ретінде заңдардың жиі өзгертулері ғана емес, заңға тәуілді актілердің қоғам өміріне әкелетін кейбір қиындықтары, құқықтық жүйенің ішкі заңнаманы ғана емес, құқықтық мониторинг жүргізуді қиындататын халықаралық стандарттардың қолданылуын ескеруі тиіс.
Жаңадан қабылданған заңға тәуелді актілерде ғылыми жаңалықтың болмауы, сондай-ақ бұрынғы редакцияның елеулі өзгерістерсіз сақталуы нормашығармашылықтағы формализмге ықпал етеді. Мұндай тәсіл толыққанды құқықтық мониторингтің жүргізілмеуі жағдайында заңнаманың сапасын төмендетіп, құқық қолдану практикасына кері әсерін тигізеді.
Сондықтан, заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы адам құқықтарының сақталуын әрі бұзылмауын қалыптастыру үшін осы процестің қазіргі жағдайын зерттеу, кемшіл тұстарын анықтай отырып, оларды шешу жолын ұсыну осы мақаланың мақсаты болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін құқықтық мониторинг мәселелерін нысаналы реттейтін құқықтық мониторинг жүргізудің қағидаларына талдау жасалады. Талдау нәтижесінде құқықтық мониторинг объектілерінің тізбесінің ауқымдылығы, мониторинг жүргізудің әдістемелік ұстанымдары мен белгілерінің жоқтығы, сонымен қатар формальды тәсілдің сақталуы тәрізді проблемалық мәселелер анықталып, авторлардың бұл мәселерге қатысты тұжырымдамалық ұсыныстары келтіріледі.