ЗАҢ ТЕРМИНДЕРІН ЖҮЙЕЛЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Мәди Айтбенбетұлы Айымбетов

Аңдатпа

 Мақалада заң терминдерін сапалық тұрғыдан жүйелеудің кейбір өзекті мәселелері қозғалады. Автор заңнама терминдерінің қолданыс аясындағы қызметінің ерекшеліктерін атап көрсете отырып, оларды жүйелеудегі сапасының дәлдігіне ден қояды. Аталған мәндегі терминдердің лексикалық-симантикалық жасалу тәсілі жөнінде тұжырым жасайды. Қолданыс аясына қарай терминдердің салалық мағынасын дәлдеу – заң терминдерін жүйелеудің ең бірінші шарты болып табылатындығын және бұлайша жүйелеу терминнің бірізділігін және мағыналық жағынан ауытқумаушылығын барынша сақтауға, екіұдайлықты болдырмауға қол жеткізетіндігі дәйектеледі.

Мақала авторы заң терминжасамының амалдары мен тәсілдеріне мән берудің заң терминін жүйелеуде маңызды екенін айтады. Мақаланың мазмұндық сипатының тағы бір ерекшелігі халықаралық қолданыстағы заң терминдерінің ортақ сипатын нақты мысалдармен аша отырып, олардың ұлттық заңнама терминдерінің қорына енуінің сипатын көрсетеді, ұлтаралық мәртебесін айқындайды. Сондай-ақ ширек ғасырдан астам уақыттың ішінде халықаралық қолданыстағы біршама терминдердің де ұлттық тілімізде жатық, заңи нормалық сипаты нақты баламалары табылғандығын айрықша атап, бұлардың дені заңнама мәтіндерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен қолданылып жүргендігін дәлелдейді.

Мақалада терминнің ұлттық қорын қалыптастырудың маңыздылығы айтылады. Терминдік қорға енген әрбір термин ғылыми тұрғыдан да, заң жазу тәжірибесіне тигізер әсерінің тиімділігі тұрғысынан да ұлттық заңнаманы мемлекеттік тілде жазудың мүмкіндігін жүзеге асыруға ықпал етуі тиіс екендігі ойға арқау болады. Заңнама терминдерін жүйелеудің ең түйінді мәселесі де осы деген қорытынды жасалады.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2020

##submission.howToCite##

Айымбетов, . М. А. . (2020). ЗАҢ ТЕРМИНДЕРІН ЖҮЙЕЛЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(61). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/178

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан