ЗАҢ ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ЗАҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ КЛАССИКАЛЫҚ ПАРАДИГМАСЫ: ИНТЕГРАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Нұржан Сәулен
  • Андрей Алексеевич Макарцев
  • Дидар Болатович Тебаев Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_235

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, заң шығару процесі, заң шығару, заң шығарушылық қағидаттары, машина оқитын құқық, кәсібилік, электрондық демократия

Аңдатпа

Мақалада жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын заң шығару процесінде қолданудың теориялық-құқықтық аспектілері мен оның классикалық заң шығарм ашылық парадигмасына ықпалы жан-жақты сарапталады. Авторлар қазіргі заманғы қоғамның цифрлық трансформациясы нормативтік шешімдерді қабылдаудың дәстүрлі үлгілерін, сондай-ақ заң шығару тәсілдері мен қағидаттарын қайта пайымдауды талап ететінін алға тартады. ЖИ-дің нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындауда қолданылуы бойынша халықаралық тәжірибелерге талдау жүргізіледі: АҚШ, Бразилия, Біріккен Араб Әмірліктері, Еуропалық Одақ және Ресей Федерациясындағы нақты мысалдар келтіріледі. Ресей заңнамасы мен мемлекеттік Дума регламенті аясында кәсібилікті қамтамасыз етудің тәсілдері, заң жобаларына міндетті сараптамалар мен рәсімдік ережелер зерделенеді. ЖИ-дің тек қосалқы функцияларды (құқықтық ақпаратты іздеу, мәтінді құрылымдау, алдын ала талдау жүргізу) ғана емес, сонымен қатар кешенді аналитикалық міндеттерді (құқықтық олқылықтарды анықтау, НҚА мәтіндерін генерациялау, салыстырмалы кестелер мен түсіндірме жазбалар дайындау) орындай алатыны дәлелденеді.

Мақалада парламенттік рәсімдерде ЖИ қолданудың заңнамалық негізін жетілдірудің, жауапкершілік пен ашықтық стандарттарын және этикалық шектеулерді енгізудің маңыздылығы негізделеді. Қазақстан Республикасындағы ЖИ-ді заң шығарушылық қызметке интеграциялауға дайындықты көрсететін отандық нормативтік және тұжырымдамалық құжаттарға шолу жасалады. Қорытынды бөлімде авторлар ЖИ-дің құқықтың гуманитарлық табиғатын сақтау, азаматтық қатысуды цифрлық тетіктер арқылы арттыру, нормативтік болжамдылықты қамтамасыз ету және мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайту жағдайында заң шығару қызметін жаңғыртуға бағытталған тиімді құрал бола алатынын атап өтеді.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2025

##submission.howToCite##

Сәулен, Н., Макарцев , А. А., & Тебаев, Д. Б. (2025). ЗАҢ ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ЗАҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ КЛАССИКАЛЫҚ ПАРАДИГМАСЫ: ИНТЕГРАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(2). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_235