ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНКЛЮЗИВ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОРЫНДЫ БЕЙІМДЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢНАМАСЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Назым Сайранқызы Maksut Narikbayev University

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_370

Кілт сөздер:

білім алу құқығы, инклюзив білім беру, орынды бейімдеу, білім беру ортасының қолжетімділігі, білім құқығы, білім беру саясаты, құқыққа негізделген тәсіл, кемсітпеу

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында (бұдан әрі – ҚР) инклюзив білім алу құқығын жүзеге асырудың негізгі механизмі ретінде қарастырылатын орынды бейімдеу институтына кешенді теориялық-құқықтық талдау жасалады. Автор мүгедектігі бар адамдардың білім алу құқығы саласын реттейтін халықаралық-құқықтық негіздер мен Қазақстанның қазіргі нормативтік-құқықтық базасы қарастырылады. ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) «Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенциясын ратификациялағанына қарамастан, талдау қолданыстағы заңнама орынды бейімдеу механизмін толық құқықтық реттеуді қамтамасыз етпейтінін көрсетеді. Мақалада мүгедектікке қатысты медициналық модельдің элементтері әлі де сақталып отырғаны және бұл шынайы инклюзияны енгізуге кедергі келтіретіні атап өтіледі. Автор «қолжетімділік» пен «орынды бейімдеу» ұғымдарының айырмашылықтарына ерекше назар аударады. Қолжетімділік баршаға ашық орта құруға бағытталған жалпыға ортақ шараларды білдірсе, орынды бейімдеу нақты тұлғаның жекелеген қажеттіліктеріне сай нақты өзгерістерді көздейді. Сондай-ақ «шектен тыс жүктеме» критерийін қолданудағы негізгімәселе оның нақты анықталмауында және кейде қажетті білім беру жағдайларын ұсынудан бас тартудың себебіне айналуы ықтимал. Автор заңнамада орынды бейімдеу ұғымының құқықтың нақты бекітілмеуі мен оны іске асыратын тиімді рәсімдердің болмауы мүгедектігі бар білім алушылар үшін тең мүмкіндікке елеулі кедергі келтіретінін атап көрсетеді. Сонымен қатар, мониторинг тетіктерінің тапшылығы айтылған. Мақаланың қорытынды бөлімінде нақты құқықтық анықтамалар, іске асыру механизмдері және бақылау рәсімдері енгізілген кешенді нормативтік архитектураны әзірлеу қажеттігі негізделеді. Қазақстанның білім беру жүйесін инклюзия және адам құқықтары бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында нақты құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар ұсынылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

31.03.2026

##submission.howToCite##

Сайранқызы , Н. . (2026). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНКЛЮЗИВ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОРЫНДЫ БЕЙІМДЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢНАМАСЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 81(1). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_370