ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Абдолла Амантай Астана халықаралық университеті
  • Аманжол Магзумович Нұрмағамбетов Астана халықаралық университеті
  • Арыстан Нөкешұлы Ақпанов Астана халықаралық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_265

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, сот төрелігі, қол жетімділік, тұтынушы құқықтары, цифрлық технологиялар, құқықтық қызметтер, инновациялар, әділ сот, құқық бұзу

Аңдатпа

Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын тұтынушылардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы бұл зерттеу жұмысының басты мақсаты – құқықтық көмекке мұқтаж тұтынушыларға сот әділдігіне қол жеткізу жолдарын жеңілдету және жеделдетудің ғылыми негіздерін айқындау. Зерттеу өзектілігі тұтынушылардың құқықтық ақпараттың тапшылығы мен сот процестерінің күрделілігі салдарынан өз құқықтарын тиімді қорғай алмауымен түсіндіріледі. Мақалада чатботтар, онлайн-консультанттар мен алгоритмдік шешімдер сияқты заманауи ЖИ технологияларын пайдалану мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылады. Талдау нәтижесінде тұтынушылардың сот жүйесіне қолжетімділігін қиындататын негізгі проблемалар (құқықтық сауаттылықтың төмендігі, сот шығындарының қымбаттығы, географиялық алшақтық) анықталды. ЖИ қолданудың артықшылықтары ретінде құқықтық кеңес алудың жылдамдығы мен қолжетімділігінің артуы, шығындардың төмендеуі, адам факторынан тәуелсіз ақпарат ұсыну мүмкіндігі көрсетілді. Сонымен қатар, алгоритмдердегі қателік ықтималдығы, дербес деректердің құпиялығы және ЖИ шешімдеріне шектен тыс сенім секілді шектеулер талқыланады. Қазақстанда іске асырылып жатқан пилоттық жобалар (мысалы, Әділет министрлігінің тәулік бойы жауап беретін заңгерлік чатботын әзірлеуі және IPrav мобильдік қосымшасындағы «Айтеке» виртуалды кеңесшісі) және шетелдік озық тәжірибелер (тұтынушыларға ұсақ талап-арыздар бойынша онлайн көмектесетін чатботтар) сарапталды. Зерттеу әдіснамасы ретінде ұлттық және халықаралық тәжірибені салыстырмалы талдау, сарапшылармен сұхбат және статистикалық мәліметтерге шолу қолданылды. Алынған нәтижелер негізінде ЖИ технологияларын құқықтық қызметтер жүйесіне интеграциялау тұтынушылар үшін сот төрелігіне қолжетімділікті едәуір кеңейтетіні айқындалды. Алайда, тиімді іске асыру үшін технологиялық инфрақұрылымды жетілдіру, құқықтық реттеуді күшейту және адам бақылауын қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар берілді. Қорытындысында, ЖИ құралдарын дәстүрлі құқықтық көмек жүйесін толықтырушы элемент ретінде пайдалану халықтың құқық қорғау тетіктеріне тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз етуде жоғары әлеуетке ие екені атап өтіледі.

##submission.downloads##

Жарияланды

01.10.2025

##submission.howToCite##

Амантай, А., Нұрмағамбетов, А. М., & Ақпанов, А. Н. (2025). ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(3). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_265