ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ РЕФОРМАСЫ: ЭСТОНИЯ МОДЕЛІНЕН САБАҚТАР ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ІЗДЕУ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_12Кілт сөздер:
жергілікті өзін-өзі басқару, институционалдық трансформация, орталықсыздандыру, қаржылық автономия, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыреті, жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалауАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару институттарының (ЖӨБ) қалыптасуы мен дамуының кешенді талдауы берілген. Тақырыптың өзектілігі қазақстандық заңнаманы жедел жетілдіру қажеттілігімен түсіндіріледі, өйткені жергілікті өзін-өзі басқару құқығы конституциялық түрде бекітілгеніне қарамастан (89-бап) оның ұйымдастырылуы мен қызметін реттейтін арнайы заң ондаған жылдар бойы қабылданбады, ал соңғы заң жобасы 2024 жылы Парламенттен кері қайтарылып алынды. Мақалада жергілікті өзін-өзі басқарудың тереңдетілген салыстырмалы құқықтық сараптамасы жасалып, Еуропалық Хартия ережелері, Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі ұлттық заңнаманың және конституциялық нормалардың эволюциясы аясында жергілікті өзін-өзі басқарудың теоретикалық негіздері зерттеледі. Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару функцияларының біріктірілуі, құзыреттердің анық емес бөлінуі, жергілікті бюджеттердің орталық трансферттерге қаржылық тәуелділігі және соның салдарынан азаматтардың қатысу деңгейінің төмендігі сияқты қазақстандық модельдің негізгі институционалдық проблемалары анықталды. Автономия, цифрландыру және қаржылық орталықсыздандырудың жоғары деңгейімен сипатталатын табысты эстон тәжірибесін талдау негізінде, сондай-ақ ғалымдардың, практиктердің пікірлерінің түйіндемесі және Қазақстандағы заманауи өзін-өзі басқару тәжірибесін далалық зерттеу нәтижелерінің негізінде нақты ұсыныстар тұжырымдалған. Орталық идея – жергілікті өзін-өзі басөарудың атқарушы органдардың құқықтық мәртебесін реформалау. Атап айтқанда, ауылдық немесе қалалық елді мекеннің мемлекеттік қаражаты түріндегі жергілікті өзін-өзі басөарудың атқарушы органдарды құрудың тұжырымдамалық шешімі ұсынылады. Мұндай ұйымдық-құқықтық нысан жергілікті маңызы бар мәселелерді тиімді шешу үшін әр түрлі қаржыландыру көздерін, соның ішінде бюджеттік қаражаттарды, жеке қайырымдылықтар мен гранттарды жинақтауға мүмкіндік бере отырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық тұрақтылығын, ашықтығын және есептілігін арттыруға арналған.