ТАКСИ АГРЕГАТОРЛАРЫ МЕН ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_4_143Кілт сөздер:
такси агрегаторлары, цифрлық платформалар, еңбек құқығы, өзін-өзі жұмыспен қамту, алгоритмдік басқару, платформаларды салық салу, әлеуметтік қорғау, салыстырмалы құқық, Uber, Yandex GoАңдатпа
Мақала такси агрегаторларын (жолаушылар мен жүргізушілер арасындағы делдалдықты қамтамасыз ететін цифрлық платформалар) құқықтық реттеудің қазіргі заманғы тәсілдерін талдауға арналған. Зерттеу Қазақстан Республикасын, Еуропалық одақты, Америка Құрама Штаттарын және Ресей Федерациясын қамтиды. Жұмыста 2023–2025 жж. соңғы заңнамалық жаңалықтар мен сот тәжірибесі, соның ішінде негізгі істер: City of New York v. Uber Technologies Inc., C-434/15 Asociación Profesional Elite Taxi v. Uber Spain және Оспан А.А. Glovo Kazakhstan ЖШС-ге қарсы ісі қарастырылады. Салыстырмалы-құқықтық талдау аясында жүргізушілердің еңбек мәртебесін айқындау (өзін-өзі жұмыспен қамту vs. жалдамалы еңбек), алгоритмдік басқару және әлеуметтік-еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрлық платформаларды салық салудың жаңа тәсілдері (мысалы, ЕО-дағы «VAT in the Digital Age (ViDA)» пакеті) мәселелері зерделенеді. Қазақстандағы платформалық экономиканы құқықтық реттеу негіздері (2023–2025 жж. цифрлық реформалар) және Ресей заңнамасы (№ 580 Федералдық заң және 2023–2025 жж. енгізілген түзетулер) талданады. Зерттеу нәтижелері агрегаторлардың жаһандық сипатына қарамастан, құқықтық модельдердің айтарлықтай ерекшеленетінін көрсетеді: ЕО еңбек қатынастарының презумпциясы мен алгоритмдерді реттеу арқылы платформалық жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге ұмтылса, АҚШ төлем шарттарын жергілікті деңгейде реттеу мен ішінара сот тетіктеріне сүйенеді; ал Қазақстан мен Ресей әлеуметтік қорғаудан гөрі тіркеу мен бақылауға бағытталған өз реттеу үлгілерін қалыптастыру процесінде. Қорытындыда агрегаторларды құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша платформалардың, жүргізушілердің және қоғамның мүдделерін теңестіруге негізделген ұсыныстар беріледі.

