ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫНЫҢ МӘНІ, ҚҰҚЫҚТЫҚ БЕЛГІЛЕРІ

Авторлар

  • Бергенгул Ахмет Северо-Казахстанский университет им. М. Козыбаева
  • Хуандаг Бажай

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_39

Кілт сөздер:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, құқықтық ұстаным, сот практикасы, нормативтік қаулы, құқық қолдану, құқықтық жүйе, сот төрелігі, құқықтық тұрақтылық, салыстырмалы құқық, доктриналық ұстанымдар, құқық философиясы, заңнаманы түсіндіру, судьяның ерекше пікірі, құқықтық реттеу, сот шешімдері

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құқықтық ұстанымдарының мәні, құқықтық табиғаты, қалыптасу тетіктері және құқықтық жүйедегі орны жан-жақты қарастырылады. Жоғарғы Соттың құқықтық ұстанымдары – құқық нормаларын қолдану мен түсіндірудің негізі ретінде сот практикасының бірізділігін қамтамасыз ететін маңызды құқықтық феномен ретінде сипатталады. Автор құқықтық ұстанымның негізгі белгілерін: нормативтік негізділігі, міндеттілігі, жалпыға ортақ қолданылуы, тұрақтылығы және нормативтік актілерді толықтырушы сипатын атап өтеді. Зерттеу барысында құқықтық, теориялық-құқықтық және салыстырмалы әдістер қолданылып, Қазақстан мен Ресей соттарының тәжірибесі салыстырмалы түрде талданған. Құқықтық ұстанымдардың жіктелуі мен түрлеріне тоқтала отырып, олардың сот шешімдерінде, нормативтік қаулыларда, ақпараттық хаттарда және судьялардың ерекше пікірлерінде көрініс табатыны көрсетіледі. Сонымен қатар, құқықтық ұстанымдардың доктриналық, нормашығармашылық және құқық қолдану салаларындағы рөлі талданады. Мақалада құқықтық ұстанымның тек құқық қолдану құралы емес, сонымен бірге құқықтық идеяларды жүйелеу және заңнаманы жетілдіру тетігі ретіндегі маңызы атап өтіледі. Автор құқықтық ұстанымдардың логикалық, тілдік және философиялық аспектілерін де саралап, олардың құқық қолдану шешімдеріне ықпалын негіздейді. Жоғарғы Соттың құқықтық ұстанымдарын жүйелеу мен дамыту сот практикасының сапасын арттыруға және құқық үстемдігін нығайтуға елеулі үлес қосатыны баса көрсетіледі. Мақала ғылыми-зерттеу және құқықтық практика үшін өзекті мазмұнға ие. Сондықтан мақала материалдары сот-құқықтық ұстанымдарды жүйелеу ұлттық құқық жүйесінің ішкі логикасын түсінуге, құқық әділеттілігін қамтамасыз етуге және сот практикасын жетілдіруге, ғылыми тұжырымдарды тоғыстыруға зор ықпал етері сөзсіз.

##submission.downloads##

Жарияланды

31.03.2026

##submission.howToCite##

Ахмет, Б., & Бажай , Х. (2026). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫНЫҢ МӘНІ, ҚҰҚЫҚТЫҚ БЕЛГІЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 81(1). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_39