МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МЕМЛЕКЕТТІК ФУНКЦИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_63_5_17Кілт сөздер:
Мемлекеттік басқару, мемлекеттік көрсетілетін қызмет, жария көрсетілетін қызмет, әкімшілік реформа, мемлекеттік басқару функцияларыАңдатпа
Мақала мемлекеттік басқару саласындағы және оның тиімділігін арттыру шарттарындағы маңызды функция ретінде мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынуды жетілдіру мәселелеріне арналған.
Авторлардың пікірінше, мемлекеттік басқару жүйесін, қағидаттары мен әдістерін реформалау қоғамдық қатынастардың әртүрлі салаларында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға бағытталған мемлекеттің маңызды міндеті болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді сапалы және уақтылы көрсету мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін куәландырады не осы саладағы құқықтық және ұйымдастырушылық кемшіліктерді көрсетеді.
Мақалада «мемлекеттік көрсетілетін қызмет» ұғымы, оның «жария көрсетілетін қызмет» ұғымымен арақатынасы қарастырылған, осы мәселе бойынша әртүрлі ғалымдардың пікірлері зерттелген және осы саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талданған. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты кейбір басқа да мәселелер зерттелді, олардың негізгі құқықтық сипаттамалары анықталды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік функциялардың арақатынасына ерекше назар аударылды.
Мақала авторлары осы мәселеге арналған Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы тиісті қаулысына сүйенеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну нысандарын, әсіресе «электрондық үкіметтің» WEB-порталы арқылы электрондық нысанда, сондай-ақ ұтқыр нысанда жетілдіру, олардың тізбесін кеңейту, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету жөніндегі жұмысын жақсарту қажеттігі атап көрсетіледі.
Шетелдік тәжірибені талдау және қарау негізінде авторлар заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар жасады. Атап айтқанда, авторлар «мемлекеттік көрсетілетін қызмет» және «жария көрсетілетін қызмет» ұғымдарының аражігін заңнамалық ажыратуды, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының атауын «Жария көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертуді, «Азаматтарға арналған үкімет» МК қызметкерлерінің мәдениеті мен коммуникативтік қасиеттерін арттыруды және басқа да мәселелерді ұсынады.