ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ, ХЕҰ-НЫҢ № 87 КОНВЕНЦИЯСЫНЫҢ КӘСІПТІК ОДАҚТАР ТУРАЛЫ НОРМАЛАРЫНА СӘЙКЕС КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ БІРЛЕСТІКТЕРГЕ МҮШЕ БОЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • ЖАННА ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ TLEMBAYEVA

Кілт сөздер:

кәсіподақ, бірлестік, қауымдастық, ХЕҰ конвенциясы, әлеуметтік серіктестік, жұмыс беруші

Аңдатпа

 Мақалада Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңнамасын интеграциялау, Халықаралық Еңбек Ұйымының № 87 "Бірлестіктердің бостандығы және кәсіподақтарға бірігу құқығын қорғау туралы" конвенциясымен әлеуметтік әріптестік деңгейлері бойынша бірлестіктерде міндетті мүшелігін (қауымдастығын) алып тастау мәселелері талданады. Автор кәсіподақтар конфедерациялары мен шетелдік федерациялардың қызметінің тәжірибесіне салыстырмалы талдау жүргізді, нәтижесінде олардың мақсаттары, құрылу мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ белгілі бір елдегі кәсіподақтар қозғалысы дамуының тарихи ерекшеліктерімен байланысты айырмашылықтары туралы қорытынды жасалды. Кәсіподақ қозғалысының даму тарихы зор көптеген шет елдерде, бірнеше ірі бірлестіктер жұмыс жасайтындығы айқын. Сонымен қатар , жалпы мемлекеттік деңгейде ортақ міндеттерді шешу жалпы саясатты өткізу, кәсіподақтар арасындағы дауларды шешу, кәсіподақтардың көпшілігі федерацияға (конфедерацияға) қауымдастырылған. Олармен қатар бірде бір ірі федерацияларға (конфедерацияға) кірмейтін дербес кәсіподақтар жұмыс істейді. Қазақстандық кәсіподақтардың заңнамалық тұрғыдан танылғаннан кейінгі қызметі,кәсіподаққа кіру құқығы, мүмкін стратегиялары,мүмкіндіктері бағаланады. Қазіргі кезеңдегі кәсіподақтар қызметінің жаңа мүшелерін сақтау мен тартудағы негізгі проблемалары анықталды және оларды шешу жолдары ұсынылды. Автор кәсіподақ бірлестіктеріне міндетті мүшеліктен шығару туралы заңдар енгізілгеннен кейін кәсіподақтардың қызметі кәсіподақтың сыртқы әлеммен өзара әрекеттесуіне сыни, бірақ сындарлы көзқараспен қарауға мүмкіндік береді деп тұжырымдайды.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2020

##submission.howToCite##

TLEMBAYEVA Ж. У. (2020). ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ, ХЕҰ-НЫҢ № 87 КОНВЕНЦИЯСЫНЫҢ КӘСІПТІК ОДАҚТАР ТУРАЛЫ НОРМАЛАРЫНА СӘЙКЕС КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ БІРЛЕСТІКТЕРГЕ МҮШЕ БОЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(60). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/204

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану