БАНКТІК КЕЛІСІМДЕРДЕГІ АШЫҚТЫҚ ҚАҒИДАТЫ

Авторлар

  • Меруерт Кенжебулатқызы Ержанова

Кілт сөздер:

ашықтық, банктік келісімдер, несиелік келісімдер, салым шарттары, шетелдік тәжірибе, ақпараттық ашықтық, банк секторы

Аңдатпа

Мақалада банктік келісімдердегі ашықтық қағидасын іске асыру ерекшеліктеріне зерттеу жүргізілген.  Мақаланың мақсаты қазақстандық тәжіребиде банктік келісімдерде ашықтық қағидатын іске асырудың негізгі аспектілерін зерттеу, сондай-ақ талданатын саладағы проблемаларады анықтау және оларды шешу үшін тиісті ұсыныстар жасау, сонымен қатар заңнаманы одан әрі дамытуында тұрады. Қазақстандағы банктік келісімдердің ашықтығын қамтамасыз ету проблемалары ерекше болып табылады, олар банктердің жаман тәжірибесінің пайда болуына ықпал етеді, алдымен, ол тікелей немесе жанама ақпаратты толық емес, дұрыс емес немесе жалған түрде тұтынушыларға тарату арқылы адастыруымен байланысты,  екіншіден, банктік келісімдерге клиент таңдау еркіндігін шектейтін шарттарды енгізумен. Шетелдік тәжірибе талдауы негізінде, банктік келісімдердегі ашықтық қағидасын қамтамасыз етудің қазақстандық тəжірибелерін жетілдіруге бағытталған бірнеше ұсыныстары тұжырымдалған. Ұлттық банктін банктік келісімдердің ашықтығын реттеу туралы арнайы қаулысын әзірлеу және қабылдау қажеттілігі негізделген, соның ішінде еуропа елдерінің тәжірибесіне сәйкес коммерциялық қаржы ұйымдарына, өз филиалдарында, немесе көпшілікке қол жетімді, басқа жерлерде банктік келісімдердің экономикалық шарттарын және оны реттейтін негізгі ережелерден тұратын ақпараттық буклет орналастыру міндетін каматамасыз ету. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында «салқындау кезеңін» белгілеу ұсынылады, оның барысында банктің клиенті келісімшарттың барлық талаптарын егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін оны бұзып немесе өзгерте алады.

Ұсынылған іс-шаралардың қазақстанның банк тəжірибесінде іске асуы - бұл банктік келісімдердің ашықтық деңгейін айтарлықтай көтеруге мүмкіндік береді, оның сапасын көтереді, əрі қазақстанның банктік қызметтер нарығының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етеді.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2020

##submission.howToCite##

Ержанова, М. К. . (2020). БАНКТІК КЕЛІСІМДЕРДЕГІ АШЫҚТЫҚ ҚАҒИДАТЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(60). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/208