ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТТАР МЕН СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
соттар, сот жүйесі, сот мамандарын таңдау жүйесін жетілдіру, сот жұмысындағы қателіктер, біліктілік талаптары, жауапкершілікті арттыру, заңгер ғалымдар, Жоғарғы сот кеңесі, Жоғарғы сот төрағасы, сот мамандарының тәуелсіздігі, әділдік, ашықтықАңдатпа
Аталмыш мақалада сот саласы мен сот жүйесіндегі заңнамалық регламенттеудің мәселелерін жетілдіру сұрақтары қарастырылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң актілері, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізінде және шетел мемлекеттерінің халықаралық тәжірибесін есепке ала отырып, заң нормаларының мазмұны сарапталды, соның негізінде келесі қорытындылар тұжырымдалды.
Осылай, мәселен, сот маманы жұмысындағы қателік ұғымына қатысты мәселені зерттеудің өзектілігі анықталды, соның ішінде сот мамандары туралы заңды өрескел бұзу ретінде қандай әрекет саналатындығына түсініктеме берілмеген. Осыған сәйкес, шешім шығару сәтінде сот маманының жауапкершілігін бекіту қажеттілігі басты назарға алынды.
Заң актілерін сараптау негізінде Жоғарғы сот төрағасының қызметіне үміткер маманның Жоғары сот мүшелерінің пленарлық отырысының сәйкес құптау тұжырымдамасын алудан басқа сот ісінде өтілімі болуы қажеттілігі бекітілді, бұл сот мамандарының кәсіби корпусын құрамдау үшін маңызды екендігі баса айтылды. Мұндай жағдайда үміткерлерге сәйкес жазбаша кепілгерлік хатын тапсыру қажет емес.
Сол секілді Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесінің құрамына заңгер-ғалымдар, шетелдік сарапшылар, Халықаралық Кеңес ұйымының жекелеген өкілдері секілді қоғам өкілдерін тарту туралы ұсыныс та талқыланды.
Мақала авторлары өз жұмысында Кеңес өткізетін отырыстардың әділ әрі ашық принциппен өткізілуіне қатысты мәселелерді де талқылайды. Ашықтық және жалпыға мәлімгерлікті қамтамасыз ету үшін кеңес отырыстарына мемлекеттік мекемелер өкілдерін шақыру да жоспарға қойылған. Өз кезегінде қоғам өкілдері мен сәйкес аккредитациясы бар БАҚ өкілдері Кеңес отырыстарына қатысуға құқылы.
Зерттеу жүргізу нәтижесінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңының нормаларын және сот мамандары әрекеттері мен жалпы сот жүйесінің жұмысын сапалы орындау үшін тиімді кепілдемелер жасақтау контекстіндегі құқықты пайдалану тәжірибесі нормаларын жетілдіруге бағытталған тұжырымдамалар мен ұсыныстарға қол жеткізілді.