ЖАРИЯ–ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАУЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУДЫҢ СОТ ТӘРТІБІ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ ҮРДІСІ

Авторлар

  • Бағдат Қабылқадырұлы Нұрғазинов
  • Анджела Серікқызы Төлепбаева

Кілт сөздер:

әкімшілік іс жүргізу;заңсыз, әкімшілік акт, жария–құқықтық дау, әкімшілік іс жүргізудің мәні, әкімшілік сот

Аңдатпа

Қазақстан Республикасында әкімшілік Әділет институтын құру жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және жария билік органдарының заңсыз шешімдерінен қорғау үшін маңызды мәнге ие.

Бұл ретте, толыққанды және тиімді әкімшілік әділетті қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар мен әрекеттегі институттардың тиісті жүйесін ғана емес, сондай-ақ жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша сот төрелігін іске асырудың дербес нысанын құру қажет.

Мақалада авторлар Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі-ӘРПК) қабылданғаннан кейін және бүгінгі күнге жария - құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сотта қарау және шешу тәртібін қарайды.

Мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы істеріне сот тәжрибесімен жүргізілген статистикалық талдау нәтижелері бойынша қай органның шешімдері мен әрекеттері, әсіресе жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мемлекеттік органдар қызметінің негізгі салалары анықталды. Бұл ретте өтініш берушілердің пайдасына шығарылған сот шешімдері айтарлықтай жоғары пайызды құрайтынын атап өту қажет, бұл мемлекеттік органдардың жұмысындағы орын алып отырған мәселелердің дәлелінің бірі.

Бұдан басқа, авторлар мемлекеттік билік органдарының заңсыз шешімдерін жоюдың өзекті мәселелеріне және ӘРПК жобасына сәйкес заңсыз әкімшілік актілерді жою кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауды жетілдіру беталысына талдау жасады.

Қорытындылай келе, авторлар халықаралық тәжірибе негізінде ӘРПК жобасында әкімшілік сот ісін жүргізу мәнін нақтылау мақсатында әкімшілік істердің соттылығын анықтауға қатысты бабына өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы қорытынды жасады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2019

##submission.howToCite##

Нұрғазинов, Б. К., & Төлепбаева, А. С. (2019). ЖАРИЯ–ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАУЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУДЫҢ СОТ ТӘРТІБІ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ ҮРДІСІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(58). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/211