МӘМІЛЕ НЫСАНЫ ЖӘНЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
Кілт сөздер:
мәміле, ауызша нысаны, мәміленің жай және күрделенген нысаны, мәмілелерді нотариалды куәландыру, жылжымайтын мүліктермен мәмілелер, құқықтар мен ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікке қатысты сот шешімі, қолхат, жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару, сатып алу-сату, сыйға тарту, рента шарттарыАңдатпа
Ұсынылған мақала тақырыбының өзектілігі, мәміле нысандары және мемлекеттік тіркеу сұрақтары заңнамаларда реттелуіне қарамастан, іс жүзінде, күнделікті қарапайым әрекеттер жасаудан бастап, соттарда кәсіпқой заңгерлермен дауларды шешуіне дейін, мәмілеге қатысушылар тарапынан заңнама талаптарының үнемі бұзылуы және нормалардың дұрыс қолданылмауы болып табылады. Сот практикасы, лакмус қағазы сияқты, автор атап өткен құқықтық жағдайдың жағымсыз құбылыстарын айқын көрсетеді, соған байланысты автордың пайымдаулары мен тұжырымдары сотпен қарастырылған нақты істерге негізделген.
Мақалада мәміленің міндетті және жай жазбаша нысанын қолдану негіздерін реттеу бөлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талданады, ауызша мәмілелер жасасу әдістері туралы түсіндірмелер берілген; міндетті жай жазбаша нысанды талап ететін мәмілелерді анықтау әдістемесі келтірілген.
Міндетті нотариалды растауды қажет ететін мәмілелер түрлерінің санының аздығына қарамастан, іс жүзінде көптеген проблемалық мәселелер азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен құқық қолдану органдарының осы мәселе бойынша білмеуімен байланысты. Осыған байланысты автор міндетті нотариалдық нысанды қажет ететін мәмілелер тізімін құрастырып, осындай тізімді «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізуді ұсынды.
Жұмыстың едәуір бөлігі жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер нысаны туралы заңнаманы ресми құқықтық талдауға және осындай мәмілелер нәтижесінде туындайтын құқықтар мен ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеуге арналған. Сот тәжірибесін талдау және Ресей Федерациясының заңнамасымен салыстырмалы құқықтық талдау негізінде осы мәселені құқықтық реттеудегі кемшіліктер анықталды, заңнаманы жетілдірудің нақты шаралары ұсынылды, оның ішінде жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы мәмілелер жасасу нысанын мәмілеге тараптар қол қойған бір құжат түрінде бекіту туралы ұсыныс жасалды.