ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША СОТҚА ДЕЙІНГІ МЕДИАЦИЯ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

Авторлар

  • Елена Владимировна Мицкая

Кілт сөздер:

медиация, қылмыстық өндірістің сотқа дейінгі сатысы, прокурор, қылмыстық қудалау, қылмыстық-құқықтық дау

Аңдатпа

Бұл мақалада, медиацияны шет елдердегі қылмыстық сот төрелігін қалпына келтірудің бір бөлігі ретіндегі түсінігіне сүйене отырып, қылмыстық-құқықтық дауды сотқа дейінгі тергеу сатысында медиация арқылы аяқтаудың қолданыстағы заңнамаға сәкес мүмкіндігін бағалауға талдау ұсынылған. Зерттеу пәні болып мыналар табылады: халықаралық құқық нормалары, Еуропа Кеңесі Министрлер Комитетінің резолюциясы, Қазақстан Республикасы қылмыстық процессуалдық кодексі нормалары, Қазақстан Республикасының Медиация туралы заңы және қазақстандық тәжірибеде медиацияны қолдануды кеңейту  арқылы қылмыстық өндірісті тоқтатуға мүмкіндік беретін  Германия, Франция, Бельгия, Испания, Финляндия сияқты бірқатар Еуропа мемлекеттерінің заңнамалары. Еуропа мемлекеттеріндегі медиацияның процессуалдық реттелуіне салыстырмалы  талдау әдісі прокурордың қылмыстық өндірісті сотқа дейінгі сатыда тоқтатуын кеңінен қолдануды анықтауға мүмкіндік берді. Осы арқылы қазақстандық қылмыстық процессуалдық заңнаманың сотқа дейінгі медиацияны қолдануды кеңейту потенциалы анықталды. Сотқа дейінгі сатыда медиацияны қолдана отырып, қылмыстық өндірісті тоқтату перспективасын негізге алып, ұсынылады: қылмыстық – процессуалдық заңнамада тергеушінің, анықтаушының міндеттерін бекіту,қылмыстық-құқықтық дау тараптарына медиация мүмкіндігі мен салдарын түсіндіру, медиация туралы заңдағы медиацияны қолдану қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтатпайды деген норманы алу, сотқа дейінгі сатыда медиацияға бастамашылық білдірген жағдайда және медиаторлық келісімге келген жағдайда қылмыстық өндірісті тоқтату кезіндегі құқығын кеңейту, медиаторлық келісімнің қолданыстағы заңнамаға сәкестігін тексеру бойынша прокурор міндетін бекіту. Аталған ұсыныстар сотқа дейінгі медиацияның мүмкіндігін күшейтуге мүмкіндік береді, себебі олар оны қолданудың процессуалдық механизмін жетілдіруге бағытталған. 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2019

##submission.howToCite##

Мицкая, Е. В. (2019). ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША СОТҚА ДЕЙІНГІ МЕДИАЦИЯ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(58). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/218