ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДЕРДЕГІ КЕЙБІР ГРАММАТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Ғалия Дюсембайқызы Мақанова
  • Қымбат Әбілқайырқызы Айнабаева

Кілт сөздер:

халықаралық келісім, грамматика, мемлекеттік тіл

Аңдатпа

 Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуында Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың, сондай-ақ халықаралық шарттардың маңызы зор.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 2-тармағында «Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сай келмейтін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе тәуелсіздігінен айырылуына әкеп соғатын халықаралық шарттарды жасасуға жол берілмейді» деп көзделген. Сонымен қатар халықаралық құжаттар қоғамдық тыныс-тіршіліктің түрлі салаларын қамтиды әрі еліміздің өсіп-өркендеуіне, жан-жақты дамуына, саяси аренада өз орнына айтарлықтай ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына міндетті ғылыми лингвистикалық сараптаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым, атап айтқанда,  Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Лингвистика орталығы жүргізеді.      

Ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу кезінде қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы қамтамасыз етіледі.  Мәтіндерді салыстырып тексеру барысында мемлекеттік тілдегі мәтінге баса назар аудару қажет. Себебі халықаралық құжаттарда түрлі тілдік кемшіліктерге жол берілмеуге тиіс.

Лингвистика орталығының іргелі зерттеу жұмысын жүргізуінің де басты мақсаты халықаралық құжаттардың мемлекеттік тілдегі мәтінінің сапасын барынша жақсарту болып табылады.

Аталған мәселе осы мақаламыздың арқауы болғанын атап өткен жөн.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2019

##submission.howToCite##

Мақанова, Г. Д., & Айнабаева, . К. А. (2019). ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДЕРДЕГІ КЕЙБІР ГРАММАТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТУРАЛЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(58). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/219