ОЙЫНШЫҚТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫН ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ (АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША)

Авторлар

  • Айвар Жақияұлы Қалмағамбетов
  • Гүлмира Нұрадинқызы Күзембаева

Кілт сөздер:

ойыншықтардың қауіпсіздігі, техникалық регламент, бақылау және сапа, Еуразиялық экономикалық одақ, құзырет, ерікті сертификаттау, психологиялық-педагогикалық сараптама, заңның қолданылуын тоқтату

Аңдатпа

 Бұл мақалада 4 тараудан және 19 мақаладан тұратын «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талдау нәтижелері келтіріледі.«Қазақстан Республикасының заңнамасы салаларының жiктемесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 190 қаулысына сәйкес талданатын Заң 320.003.000 Балаларға өндірілетін тауарлардың қауіпсіздігі саласына жатады.Мазмұны бойынша ең көлемді «Ойыншықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар» атты 3-тарау ойыншықтарға және тұтынушыларға арналған ақпаратқа қойылатын талаптарды, сондай-ақ сәйкестікті растау тәртібін белгілейді.

Авторлар заңда тиімсіз іске асырылатын нормалардың, сыбайлас жемқорлық факторларының, заңның қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы тұсында бұзушылықтардың және басқа да кемшіліктердің болуына орай талдау жасады. Бұдан басқа, Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі №798 шешімімен қабылданған «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының №ТР ТС 008/2011 бірыңғай Техникалық регламентімен (бұдан әрі-Техрегламент) салыстыру жүргізілді, онда органолептикалық, микробиологиялық, токсикологиялық-гигиеналық көрсеткіштерді, ойыншықтардың физикалық, механикалық, химиялық, электрлік, магниттік қасиеттерін, тұтанғыштығын, радиациялық қауіпсіздігін және оның құрамдас бөліктерін ескере отырып, ойыншық түрлері егжей-тегжейлі жіктелген, қолданылатын терминдердің анықтамалары берілген, конструкциясына, мақсатына, функциясына, негізгі сипаттамаларына, қолданылатын материалдарына негізделген қауіпсіздік талаптары сипатталған, сондай-ақ ойыншықтардың қаптамасына, таңбалануына, техникалық құжаттамасына қойылатын талаптар белгіленген. Осы барлық талаптар ЕЭО мүше-мемлекеттердегі ойыншықтардың қауіпсіздігіне қатысты әзірленген.

Жүргізілген талдау нәтижесінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдарға ойыншықтардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау функцияларының бір бөлігін беру арқылы бақылауды күшейту жайында ұсыныстар әзірленді, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сәйкес талданатын Заңның қолданылуын тоқтату туралы мәселені қарау туралы ұсыныс енгізілді, өйткені ЕЭО туралы шартта және ЕЭО шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы нормалар мен ережелер

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2019

##submission.howToCite##

Қалмағамбетов, . А. Ж., & Күзембаева, . Г. Н. (2019). ОЙЫНШЫҚТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫН ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ (АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША). «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(58). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/228