СОТ ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ БІРІЗДІЛІК ТАЛАБЫНЫҢ САҚТАЛЫНБАУЫ – ҚОҒАМНЫҢ СОТ БИЛІГІНЕ ДЕГЕН СЕНІМІНЕ ЖАСАЛҒАН ЕЛЕУЛІ СОҚҚЫ

Авторлар

  • Марат Асанұлы Естеміров

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_67_4_54

Кілт сөздер:

бірізділік талабы, сот практкасы, жалпы жиналыс шешімін даулау, кредиторлар талаптарының тізіліміне талапты ендіру, кредиторлар жиналысында дауыс беру, ортақ үлестік меншік, мәміле жарамсыздығының салдары

Аңдатпа

Жеке құқық нормаларын түсіндіру және қолдануда соттардың әралуан жауап беруі яғни, кереғар позициялар отандық сот практикасында жиі кездеседі. Бұл бүгінгі отандық сот корпусы, қала берсе, жалпы қазақстандық құқық қауымдастығының белсене араласуы, ұжымдаса отырып түзетуі тиіс өткір мәселелердің бірі.

Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 438-бабының 6-тармағы 3)-тармақшасында «қабылданған қаулы соттардың құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы бірізділікті бұзатын жағдайларда, осы Кодекстің 434-бабының үшінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады» деген мазмұндағы ереже бекітілген. Сипатталған бұл ереже мазмұнынан заң шығарушының бірізділік талабын азаматтық құқықтық дауларды шешу барысында сақталынуы тиіс қағидаттар санатына енгізгендігін оқып білеміз.

Мақалада автор бірізділік талабы бұзылған жағдайларды сипаттау үшін нақты мысалдарды арқау ретінде ала отырып, бұл мәселеге оқырман назарын аударады. Келтірілген мысалдар корпоративтік құқық, банкроттық құқық, мәміле, заттық құқық, зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме деп жекелеген тақырыптар бойынша орналастырылған. Іскерлік айналым барысында не күнделікті өмірде туындайтын әралуан құқықтық сауалдарға қатысты отандық сот корпусында бірізділіктің сақталынбауы, бұқара халықтың сот билігіне деген сеніміне селкеу түсіретін факті екендігін автор атап көрсетеді. Автор бұл мәселеге бей-жай қарамауды ұсынады және бұл сауалдың оң шешімінің сот билігіне деген сенімнің артуына әкелетіндігіне назар аударады. Ал, қоғамдағы беделі жоғары сот билігінің ел экономикасына инвестиция салу тартымдылығына әкелетіндігі жайлы өз пайымдарын ортаға салады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2021

##submission.howToCite##

Естеміров, М. А. . (2021). СОТ ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ БІРІЗДІЛІК ТАЛАБЫНЫҢ САҚТАЛЫНБАУЫ – ҚОҒАМНЫҢ СОТ БИЛІГІНЕ ДЕГЕН СЕНІМІНЕ ЖАСАЛҒАН ЕЛЕУЛІ СОҚҚЫ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(67). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_67_4_54

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық