ДОЦЕНТ Н.М. ПРИМАШЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІ (ЕРЕКШЕ БӨЛІМ) МЕН КЕЙБІР САЛАЛЫҚ ЗАҢНАМАДАҒЫ ТЕРМИНДІК КӨПНҰСҚАЛЫЛЫҚ: ҚҰҚЫҚТЫҚ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕМЕ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМЫНА ҚАЙТА ОРАЛҒАНДА
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_67_4_145Кілт сөздер:
заң тілі, заң техникасы, кодекс, ұлттық заңнама, теңтүпнұсқалылық, аударма сапасыАңдатпа
Аталған мақалада Н.М. Примашевтың 2014 жылғы № 4 (36) Қазақстан Республикасы Заңнама институтының Жаршысында жарияланған «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) мен кейбір салалық заңнамадағы терминдік көпнұсқалылық: құқықтық-лингвистикалық тәсілдеме» туралы мақаласы талданады. Мақаланың жарыққа шыққанына 10 жылға жуық уақыт болса да, аударма сапасы, терминдердің бірізділігі, заң техникасы мен заңнама теңтүпнұсқалылығы әлі күнге дейін өте өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондай-ақ автор аударма қызметінде тілдік білімнің орны ерекше екендігін атап өтеді. Сонымен бірге заңнамалық актілерге аударма жасауда қазақ тілінің табиғи заңдылықтарын, яғни нормаларды сақтаудың қажеттілігіне мән бере кетеді. Құқықтағы және заңнамадағы терминдердің сәйкестігінің және арақатынасының стилистикалық, редакциялық және терминологиялық ерекшеліктері еліміздің тәуелсіздік алған кезінен баста өзекті бола бастады.
Аталған мақаланың авторы доцент Н.М. Примашев мақаласындағы бір ғана кодексте бір сөздің не бір сөйлемнің бірнеше нұсқасы бар екенін, әлі де сапасы сын көтермейтін аударма мәселесін тайға таңба басқандай атап өткеніне талдау жүргізеді. Автор, кодекс бөліктеріне талдау жүргізіп, қазіргі нормалар аясында заң тілі мен заң техникасының мәнмәтініне сын көзбен қарап, болашақ ғалымдар мақаласына жаңа тақырыптың көзін ашып, қызығушылық танытты десек те болады.
Зерттеу барысында автор доцент Н.М. Примашев мақаласындағы ұлттық заңнамадағы болып жатқан және құқықтық заң саласындағы күнделікті өзгерістерге қарамастан, алдағы уақытта нормативтік құқықтық актілер базасынан бастап заң тілі мен заң техникасы бірізді жолға түсіп, теңтүпнұсқалылық сақталып практикаға енгізіледі деген қорытындыға келді.