НОРМАТИВТІК АКТ ТІЛІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Есенқұл Сафуанұлы Сафуани

Кілт сөздер:

нормативтік актінің тілі, терминдердің бірізділігі, теңтүпнұсқалылық

Аңдатпа

Мақала авторы нормативтік актілердің шектеусіз адресатқа арналып жазылатындығын айта келіп, ғылыми-техникалық прогресс пен әлеуметтік өмірдің даму қарқыны құқық арқылы реттелетін қоғамдық қатынастардың күрделілене түсетіндігіне назар аударады. Осыны ескере отырып, заңнама тілінің шектен тыс қарапайым болуына жол беруге болмайтындығын, мұның өзі нормалардың нақты әрі айқын болуына кері әсерін тигізетіндігін барынша түсінікті етіп дәлелдейді.

Нормативтік актілер мәтініндегі сөйлемнің қысқа болуы оның түсінікті болуына септігін тигізетіндігін айта келіп, автор сөйлемді қысқа етіп жазу заңнама үшін мүндетті талап емес екендігін ескертеді. Бұл орайда басты міндет – сөйлем құрылымы реттелетін нысананың терең әрі аяқталатын сипаты болуы қажеттігіне қайшы келмеу, заңнама мәтінінің дәлдігіне, айқындығы мен толымдылығына, құқықтық мәніне нұқсан келтірмеу.

Автор нормативтік актілерде бір сөз – бір ұғым деген пікірді айнымас қағида ретінде ұсынады. Бір заңда және біртектес, бір-біріне ұқсас заңдарда көп мағыналы сөздерді, синонимдерді, мағыналас сөздерді қолдануға жол беру заң нормаларының орындалмауына алып келетін қателіктерге душар ететіндігін нақты мысалдармен дәлелдейді. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңның екі бабында «номинал», «монета» деген терминдердің екі түрлі алынғандығы өрескел қате екендігіне назар аударады.

Заңдарда да, баспасөзде де бір терминнің әртүрлі жазылуының белең алуы кешірілмес қате екендігін, бірақ журналистердің де, аудармашылардың да бұған мән бермеуі жауапсыздық пен білімсіздіктің салдарынан арылатын уақыт жеткенін автор ашына айтады.

Мақалада әрбір кәсіби сипатқа, ерекше маңызға ие тіл өзінің сөздік құрылымымен ерекшеленетінін, мұндай тіл арнайы терминологияға ие, онда өмірдің белгілі бір саласына тән ұғым берілетіндігін ескермеудің салдарынан қоғамдық өмірге нұқсан келтіретін жағдайлар туындауы мүмкін екендігіне назар аудару басты міндет екендігі, юриспруденцияда терминология проблемасының өзектілігі айтылады.

 

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2019

##submission.howToCite##

Сафуани, Е. С. . (2019). НОРМАТИВТІК АКТ ТІЛІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(57). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/268

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан