МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ МЕН ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖАҺАНДЫҚ ИНДЕКСІ РЕЙТИНГІСІ БОЙЫНША ЖЕТЕКШІ ЕЛДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

Авторлар

  • Жанат Орынбекқызы Құлжабаева

Кілт сөздер:

бәсекеге қабілеттілік, интеллектуалды меншік, меншік құқығы, сауда маркасы, авторлық құқықтар, Дүниежүзілік банк, құқықтық қорғау, халықаралық тәжірибе

Аңдатпа

Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында халықаралық рейтингілер аясында өткізілетін реформалардың маңызы айтарлықтай жоғары. Түрлі рейтингілерінің нәтижелері мемлекет пен экономиканы стратегиялық тиімді басқару үшін қолдануда мәселелер мен тапсырмаларды жіктеуге, анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекеттің бәсекелестікке қабілеттіліктің негізгі өлшемі Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің (ДЭФ ЖБҚИ) көрсеткіштеріне негізделеді. ДЭФ ЖБҚИ 114 көрсеткіштерден құралады, оның 34-і статистикалық ақпарат қорытындылары бойынша, қалғандары – мемлекеттің орта және ірі мекемелерінің басшыларына сұраныс жасау арқылы есептеледі. 114 көрсеткіштерден бәсекелістікке қабілетті 12 факторлар анықталады.

ҚР Әділет министрлігі (бұдан әрі – ҚР ӘМ) негізгі орындаушысы болып табылатын индикаторлар келесілер: әкімшілік реттеу және даулы мәселелерді реттеуде заңнама тиімділігінің мәселелері; меншік құқығы мен интеллектуалды құқықты қорғау. ӘМ-не бекітілген ДЭФ ЖБҚИ рейтингісінде ҚР позицияларын күшейту үшін құрылымдық-құқықтық реформалар өткізіледі.

Мақалада меншік құқығы мен интеллектуалды меншік құқығын қорғау бойынша кейбір мемлекеттердің озық тәжірибесі қарастырылады. Оның ішінде: Америка Құрама Штаттары, Сингапур, Германия, Швейцария, Финляндия. Мәселен, Швейцария тәжірибесі - жылжымалы мүлікті анықтау мен бағалау процедураларын қатаң реттеуде; Сингапур тәжірибесі – банкілік кредиттер кепілі ретінде өз интеллектуалды меншігін пайдалануда; Финляндия тәжірибесі – сәтті бизнес жүргізу,экономиканың интернализациясы мен бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарлату бойынша; Германияда – жеке секторда ғылыми зерттеулерді қолдау  және ынталандыру аясында материалды және моральді ынталандыру жүйесіне қатысты; Америка Құрама Штаттарында -  меншік құқығы жүйесіне және меншікке  мемлекеттік артықшылықты бекітуге қатысты пайдалы болуы мүмкін. Бұның барлығы біздің мемлекетіміздің халықаралық рейтингтерде позициясын жақсарту үшін есепке алынуы мүмкін.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2019

##submission.howToCite##

Құлжабаева, . Ж. О. (2019). МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ МЕН ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖАҺАНДЫҚ ИНДЕКСІ РЕЙТИНГІСІ БОЙЫНША ЖЕТЕКШІ ЕЛДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(55). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/290

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану