ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚАЖЕТТІ ЖӘНЕ АНЫҚ АҚПАРАТ АЛУҒА ҚҰҚЫҚТАРЫ

Авторлар

  • Мадина Қойшыбайқызы Жусупбекова

Кілт сөздер:

тұтынушы, тұтынушы құқықтары, тұтынушы құқытарын қорғау, конкуренция, қауіпсіз тауар

Аңдатпа

Мақалада тауар сатып алу кезіндегі тұтынушы құқықтарын қорғау мәселесі қарастырылады. Қоғамның әр бір мүшесі, жасынан бастап үлкеніне дейін, тауар, жұмыс және кез келген қызметтің тұтынушысы болып табылады және тұтыну құқықтарының бұзылудың келеңсіз жағдайларымен жиі кездеседі, сондықтан әр бір азамат өз құқықтарын білуге міндетті және сол құқықтарын қорғай алу қажет. Бұл мәселе өзекті болып табылады. Осылайша, ҚР Президенті 2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында халықтың денсаулығы – мемлекеттің басты басымдылығы екенін атап өтті.

Мақалада тұтынушылардың құқықтарын қорғау негізінен сатып алу – сату шартын және қызмет көрсету міндеттемелерін құрайтын басқада шарттарды жасаған кезде жүзеге асырылады делінген. Мақалада сатушы мен сатып алушының құқықтары туралы айтылған, яғни, сатушы тауар жайлы толық және шынайы мәлімет беруге міндеттенеді, ал сатып алушы  сауда жасап жатқан кезде тауарды жан-жақты тексеріп алуға міндетті екені қарастырылған. Автор сатушының керекті, шынайы, уақытылы және қолжетімді ақпаратты сатып алушыға беруі оның негізгі міндеті екеніне назар аударады.

Бұдан басқа, сапасыз тауарды сатып алу кезіндегі тұтынушының құқықтары мен одан туындайтын зардаптар қарастырылған. ҚР «Тұтынушы құқықтарын қорғау туралы» Заңына, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сатушының тауар туралы толық және керекті ақпарат бермеуіне байланысты жауапкершілігі жөнінде ұсыныстар ұсынылады.

Сонымен қатар, Тауар мен қызмет көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі Комитет сияқты арнайы орган құруы керектігі жайлі айтылады. Тауар туралы сауатты мәлімет беру және өздерінің тұтыну құқықтарын саутты қорғау үшін Сатушымен сатып алушының әдебі туралы Ережені дайындау ұсынылды.

Мақалада шет ел тәжірибесі қарастырылған, атап айтқанда Франциядағы тұтынушы құқықтарын қорғау тәжірибесі.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2019

##submission.howToCite##

Жусупбекова , М. К. . (2019). ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚАЖЕТТІ ЖӘНЕ АНЫҚ АҚПАРАТ АЛУҒА ҚҰҚЫҚТАРЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(55). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/291

Журналдың саны

Бөлім

Құқықтық мониторинг