ЗАҢНАМА ТЕРМИНДЕРІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫМЕН ЖАЗУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
ұлттық заң лексикасы, халықаралық ортақ қолданыстағы, түбірі латынша терминдер, ана тіліміздің лексикалық заңдылығы, латын әліпбиінің мүмкіндігіАңдатпа
Мақалада заңнама терминдерін латын негізді ұлттық әліпби жазудың кейбір ерекшеліктері қарастырылады. Ұлттық заңнама мәтінінің латын әліпбиінде жазылуы лексикалық, терминологиялық жаңа сапалық өзгерістерді қамтитыны нақты дәлелдермен тұжырымдалады. Автор кирилл әліпбиінде қолданысқа енген заң терминдерінің айтылуы (орфоэпиясы) мен жазылуы (орфографиясы) латын графикасында ана тіліміздің толық заңдылығымен ресімделуі тиіс деген мәселені қозғайды. Бұл ретте ұлттық заңнама лингвистикасының негізін жасайтын терминдердің, әсіресе халықаралық ортақ қолданыстағы, түбірі латынша және Еуропаның басқа да тілдерінен енген терминдердің латын әліпбиінде қазақшалануы мұқият саралау мен ізденістерді талап ететіндігі туралы идея – мақала мазмұнының басты арқауы. Ал өз кезегінде латын графикасындағы ұлттық әліпби заңнама терминдерін ұлттық тілімізге біржола бейімдеу жұмысын жандандыратыны сөзсіз. Мақаланың түйіні латын әліпбиіне көшу - ұлттық рухани жаңғыру кезеңінде басталған, қоғам өмірінің барлық саласын, оның ішінде ұлттық заңнаманы да кеңінен қамтитын келелі де ауқымды іс дегенге саяды.