СОТ ПЕН ПРОКУРАТУРАНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Саида Аминовна Акимбекова
  • Нуржан Ришатұлы Мақсатов

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_64_1_91

Кілт сөздер:

сот, прокуратура, заң, сот билігі, заңдылық, азаматтық процесс

Аңдатпа

Мақалада сот пен прокуратураның істің мәні бойынша қарау кезіндегі өзара әрекеттесуі мәселелері қамтылған. Сот реформасы кезеңінде прокурордың азаматтық процеске қатысу мәселелері бірнеше рет ірі өзгерге ұшыраған. Қазақстан Республикасының  тәуелсіздік алғанан бері прокурордың азаматтық процеске қатысу мәселесі әрқашан даулы болып келеді.

Сот пен прокуратураның өзара әрекеттесуі мәселелері Қазақстан Республикасы Конституциясының және оған сәйкес қабылданған заңдардың баптарында құқытық призмасы арқылы көрсетілген.

Сот та, прокуратура да олардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін, адам құқықтарын қорғауда және елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрініс табатын лайықты нәтижеге қол жеткізу үшін өзара байланысты болуы тиіс екені жоққа шығарылмайды.

Мақалада сот пен прокуратураның өзара әрекеттесу формалары қарастырылған.

Қазіргі кезеңде прокуратура органдарының билікті бөлу жүйесіндегі өзара іс-қимылы мен рөлі-биліктің атқарушы тармағының органдарына, оның ішінде соттарға наразылықтар, сот шешімдеріне шағымдар жасау арқылы жоғары тұрған соттарға бақылауды жүзеге асыру, олар белгіленген процессуалдық нысандарда төменгі соттардың қызметіне сот бақылауын жүзеге асырады. Прокуратура органдарының сот шешімдеріне наразылық білдіру жөніндегі осы өкілеттіктері кейбір авторлардың судьялардың қандай да бір бақылаусыздығы туралы дәлелдерін әлсіретуге, сот билігінің тәуелсіздігін шектеуге бағытталған реформаларды жүргізбеуге мүмкіндік береді.

Прокурордың азаматтық процеске қатысуын азайту қажеттігін ұсынамыз. Прокурордың азаматтық процеске қатысуынан, әсіресе мемлекеттің мүдделері қозғалған жағдайда, толық бас тартуға болмайды. Бұл ретте, прокурордың жеке-құқықтық қатынастарға қатысуы диспозитивтілік және жарыспалылық сияқты азаматтық процестің қағидаттарын әлсіретеді және қарама қайшы деп санаймыз.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2021

##submission.howToCite##

Акимбекова, С. А., & Мақсатов, Н. Р. (2021). СОТ ПЕН ПРОКУРАТУРАНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(64). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_64_1_91

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық