ЗАҢНАМАДАҒЫ БОЛЖАУДЫҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ЗАҢДАР ҚОЛДАНЫСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫН АЙҚЫНДАУ ӨЛШЕМШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Жанна Орынбасарқызы Тілембаева

Кілт сөздер:

заң шығарушылық, заңи болжау, заңдар қолданысының құқықтық салдарын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

Аңдатпа

Қазіргі жағдайда сапалы болжамды жүзеге асырудың, заң шығармашылығы болжамалы аспектісін нығайтудың аса қажеттілігі және қабылданатын заң қолданысының құқықтық салдарларын алдын ала болжау туындайды. Осыған орай мақалада заңнамадағы болжаудың рөлі заңнамалық қызметтің маңызды бөлігі ретінде талданған, оған қажеттілік мемлекеттік билік органдарының соңғы жылдары өсіп келе жатқан норма шығармашылық белсенділігімен айқындалады.

Автор заң шығарушылық қызметінде қабылданатын заң қолданысының салдарын болжау туралы мәселесіне жеткілікті түрде назар аударылмағанын және сапалы болжау, қабылданатын заңның әлеуметтік процестерге заң жобасының мүмкін әсерімен ықпал етуін бағалау қажеттігін атап өтті.

Заңнамалық актілер қолданысының болжамын жүзеге асырудың қолданыстағы тетіктері жеке талданды: заң жобаларының сараптамалары; заң жобаларын қаржылық-экономикалық негіздеу; реттеуші ықпал ету мен құқықтық мониториг талдауы.

Автор құқықтық реттеу тиімділігін болжауға кешенді тәсілдің және заңнама дамуының перспективалы жоспарларын әзірлеу кезінде, сол сияқты нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезінде ғылыми болжау қағидаларының жүйесін әзірлеу және бекіту қажеттігін атап көрсетеді. Заңдар қолданысының құқықтық салдарын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлеу қажеттігін негіздейді, олар сәтсіз заңнамалық шешімдердің құқықтық салдарын заңды түрде төмендетуге мүмкіндік береді.

Заң шығармашылығындағы сапалы болжам заң жобаларының сапасын және заң шығармашылық қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әртүрлі талдамалы құралдар элементтерін үйлестіру негізінде әзірленген заңдардың қолданысына болжам жасау жөніндегі нақты әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуді талап ететіні байқалады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2018

##submission.howToCite##

Тілембаева, Ж. У. (2018). ЗАҢНАМАДАҒЫ БОЛЖАУДЫҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ЗАҢДАР ҚОЛДАНЫСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫН АЙҚЫНДАУ ӨЛШЕМШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 5(54). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/303

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық және әкімшілік құқық