ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДАҒЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
халықаралық құжаттардың маңызы, халықаралық терминдер аудармасының мәселелері, ғылыми анықтама, тұрақты тіркестер және тезаурусАңдатпа
. Мақаланың кіріспе бөлімінде жалпы халықаралық құжаттардың маңызы, мемлекеттер арасында жасалатын келісімдер мен шарттардың және басқа да құжаттардың ел экономикасын дамытуда, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда алатын орны туралы сипаттама беріледі.
Бұл мақалада еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары дүниежүзінің көптеген елдерімен Қазақстан жасасқан шарттар, келісімдер, хаттамалар, келісімшарттар, конвенциялар мен меморандумдар халықаралық қатынастардың нығаюына, елдің дамуына елеулі ықпал етіп отырғаны сөз болады.
Автор Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыптарындағы Қазақстан халқына Жолдауларында және Ұлытау төріндегі сұхбатында мемлекеттік тілге байланысты айтылған пікірлерін басшылыққа ала отырып, осы бағытта тиімді жүзеге асырылатын іс-шараларды атап көрсетеді.
Кейбір халықаралық құжаттардың мемлекеттік тілдегі мәтіндеріне талдау жасалып, анықталған сәйкессіздіктер нақты мысалдармен сараланады. Кейбір терминдер мен сөз тіркестеріне ғылыми тұрғыдан анықтамалар беріледі. Оладың Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссия (бұдан әрі – Терминком) мүшелерінің талқысынан өткен дұрыс баламалары ұсынылады.
Сөздердің, сөйлемдер мен сөз тіркестерінің тезаурусын қалыптастыруға қатысты мәселеге үнемі назар аударылмай отырғандығы сөз болады.